217 Диалогтар (38-күн)

ХХІ ғасыр азаматы

Гүлжаһан: Өткен айда Жапонияда болдым. Жапон тілін енді үйреніп жүрмін. Әлі сөйлесе алмаймын. Өзің білесің, бұл елдің халқы ағылшын тілін көп қолданбайды.

Әмір: Сен жапондармен сонда қалай сөйлестің?

Гүлжаһан: Қазіргі цифрлық технологиялар маған көп көмектесті. Телефонымдағы арнайы аударма қосымшасын пайдаландым.

Әмір: Саған көп пайдасы тиген екен. Бірақ қазіргі мектеп оқушылары осы технологияның кесірінен өздігінен шет тілін үйренуге құлшыныстарын азайтты. Менің пікірімше, адамдар тілді өздігінен үйренуі керек.

Гүлжаһан: Бұл тұрғыдан сенімен келісемін. Тілмен бірге бір елдің мәдениетін де үйренеміз. Тіл адамдарды бір-бірімен рухани тұрғыдан да байланыстырады. Тіл тек қана қарапайым сөздер емес, сонымен бірге сезімдерді де білдіреді.

Әмір: Иә, осындай дайын аударма қосымшаларын қолданатын болсақ, ХХІ ғасырда роботқа айналып кетуіміз мүмкін. Бұл мәселе мені қатты толғандырады.

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book