21 Диалогтар: (4-күн)
Спорт – денсаулық кепілі
Андрей: Сәлем, Мақсат! Ертең менімен бірге йогаға барғың келе ме?
Мақсат: Иә, бірақ мен ешқашан йогамен айналысқан жоқпын.
Андрей: Мен де. Тек қана интернет арқылы асаналарды жасап жүрмін.
Мақсат: «Асана» деген не, Андрей?
Андрей: Меніңше, асана – бұл йога жаттығуы.
Мақсат: Бірақ йогамен қыздар ғана айналысады.
Андрей: Жоқ, бұл қате пікір. Біз бұл стереотипті бұзайық.
Андрей: Йогамен айналысатын ер адамдар аз емес. Менің бір туысым бар, оның аты – Ерлан, жасы отыз беcте. Осыдан төрт-бес жыл бұрын йогаға, пилатеске қызыға бастады. Қазір жаттықтырушы болып жұмыс істеп жүр.
Мақсат: Қандай керемет!
Андрей: Ертең йога дәрісі далада өтеді, таза ауамен демалып қайтамыз.
Мақсат: Йога үшін арнайы киім қажет пе?
Андрей: Жоқ. Ыңғайлы киім болса жетеді.
Мақсат: Онда ертең таңертең сағат жетіде кездескенше!
Мақсат: Жақсы, көріскенше!