47 Диалогтар: (8-күн)

Тіл – біздің тірегіміз!

Майра:  Сәлем, Димаш! Қалың қалай?

Дінмұхаммед: Сәлем, Майра! Жақсы. Не жаңалық? Жай хабарластың ба?

Майра: Жаңалық жоқ, бірақ менің бір өтінішім бар.

Дінмұхаммед: Иә, айта бер. Қандай көмек керек?

Майра:   Қазақшамды жақсартқым келеді.  Қазақ тілінде жақсы сөйлей алмаймын, сондықтан қысыламын.

Дінмұхаммед:  Қысылма. Сен көп нәрсені білесің. Саған көбірек сөйлеу керек.

Майра:  Мен тырысып жүрмін. Бірақ маған қазақ тілінде сөйлесетін адам керек.

Дінмұхаммед:  Мен сенімен сөйлесейін.

Майра: Рақмет, жақсы болды. Не істеу керек?

Дінмұхаммед:  Біріншіден,  қысылмау  керек. Күнде қазақ тілінде ән тыңда. Сөздерді жатта. Сол сөздерді қолдан. Қазақ тілінде фильмдер көр. Жақындарыңмен қазақша сөйлес.

Майра:  Сеніңше, маған қанша уақыт қажет?

Дінмұхаммед:  Барлығы өзіңе байланысты. Егер көп жаттықсаң, бір айда жақсы сөйлеп кетесің.

Майра: Кеңестеріңе рақмет, ертең бастаймыз ба?

Дінмұхаммед: Әрине, саған сәттілік тілеймін.

***

Досымның пайдалы кеңесі

Дінмұхамед: Сәлем, Раушан! Жағдайың қалай? Көңіл-күйің жоқ сияқты.

Раушан: Сәлем, Димаш! Жаман емес. Қатты шаршап жүрмін.

Дінмұхаммед: Не болды? Неге шаршап жүрсің?

Раушан: қазақ тілінен интенсив курсқа барып жүрмін. Тапсырмаларым көп. Жоба дайындау керек, оны ұсыну керек. Осы аптада профессормен екі рет кездесемін.

Дінмұхамед: Жобаң не туралы?

Раушан: Жастардың қазақ тілінде кітап оқуы туралы.

Дінмұхамед: Қызықты тақырып екен. Материал таптың ба? Оны қалай дайындайсың?

Раушан: Қазір сауалнама жүргізіп жатырмын. Қатысқан адамдар аз.

Дінмұхамед: Менің бір ойым бар. Есіңде ме, бұрын ағылшын тілінен «Book Club-қа» баратынбыз. Тура осындай қазақша кітап оқу клубы бар екен. Бұл клубқа көп адамдар барады. Сенің сауалнамаңа пайдалы болуы мүмкін.

Раушан: О, жақсы болды ғой! Кеңесіңе көп рақмет! Енді жобамды тез аяқтаймын.

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book