27 Диалогтар: (5-күн)
Бұл жай ғана спорт емес!
Сабыржан: Сен қандай спортпен айналысасың?
Марат: Мен қазір бокспен айналысамын. Сен боксқа қызығасың ба?
Сабыржан: Жоқ, қызықпаймын. Бірақ маған бір спорт түрімен айналысу керек.
Марат: Онда боксқа жазыл.
Сабыржан: Марат, менің кәсіби боксшы болу арманым емес. Менің мақсатым – күйзелістен шығу, жаңа адамдармен танысу және өзіме достар табу.
Марат: Иә, спорт кешенінде жаңа достарды оңай таба аласың. Спортпен айналысатын досың болса, ол сенімен бірге жаттығады.
Сабыржан: Ал сен спорт кешенінде жаңа адамдарды кездестірдің бе?
Марат: Иә, өте көп дос таптым. Біз бір-бірімізді әрқашан қолдаймыз. Кейде таза ауаға шығып, пикник ұйымдастырамыз.
***
Спорт күйзелісті азайтады
Сабыржан: Марат, бүгін қонаққа менің жаңа достарым келеді.
Марат: Футболда кездестірген жаңа таныстарың ба?
Сабыржан: Иә.
Марат: Қалай екен? Саған футбол ұнай ма?
Сабыржан: Ұнағанда қалай! Күйзелісті ұмыттым. Спорт бағаларыма да көмектесті.
Марат: Ал мен спорт кешеніне енді бармаймын.
Сабыржан: Неге? Не болды?
Марат: Үйде өзім жаттығамын. Спорт кешеніне бара алмаймын.
Сабыржан: Сен тәртіпті баласың, Марат. Мүмкін чемпион да боласың!
Марат: Мені көп мақтадың, ағатай!