34 Диалогтар: (6-күн)

Сән және қоршаған орта

Ақмарал: Ертең жұмыс бойынша сұхбаттасуға барамын. Бұл мен үшін өте маңызды. Сұхбатқа не киемін?

Олжас: Меніңше, сұхбатқа классикалық үлгідегі киім дұрыс болады.

Ақмарал: Келіспеймін. Классикалық киімдердің түсі тек ақ, сұр, қою көк. Бұларды мектеп оқушылары киеді. Мемлекеттік қызметкерлер де бұл түстегі киімді киеді. Бұл тым ресми болмайды ма? Әлі жұмысқа кірген жоқпын, мектеп оқушысы да емеспін.

Олжас: Жоқ, қателесесің. Классикалық үлгіде басқа түстер де бар.

Ақмарал: Ааа, білмеппін. Бірақ мұндай киімдер жоқ.

Олжас: Онда жаңа киім алайық. Сұхбатқа қарапайым киімдеріңмен бара алмайсың. Менің қолым бос. Сауда орталығына барайық.

Ақмарал: Жоқ, мен жаңа киім алуға қарсымын. Себебі сән индустриясы қоршаған ортаны ластайды.

Олжас: Онда «секонд-хэнд» дүкеніне барайық. Не дейсің?

Ақмарал: Жақсы ой екен. Ол дүкендерде сұхбаттасуға киетін киім табыла ма?

Олжас: Әрине, табылады.

***

Сән мен сөздік

Ақмарал: «Секонд-хэнд» дүкендерінен сапалы және әдемі киім табу мүмкін.

Олжас: Ата-анамызға мына киімдерді «секонд-хэндтен» алғанымызды айтпайық. Олар біздің ақшамыз аз деп ойлауы мүмкін.

Ақмарал: Білесің бе, «секонд-хэндте» барлық киім арзан болмайды. Ол жерде жақсы брендтік киімдер табуға болады.

Олжас: Достарымызға винтаж киімдер алғанымызды айтайық. Екеуі бір емес пе?

Ақмарал: Винтаж десек те болады. Бір сөз бәрін өзгертеді екен. Біз осылай қоршаған ортаны ластауды азайтамыз.

Олжас: Біз достарымыз арасында «секонд-хэнд» дүкендерінен киінуді сәнге айналдырайық.

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book