38 Мәтіндер (7-күн)

1. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», – деген ұлы адамдар. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сыяпат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Ат, шапан құрметтеудің көрінісі деп бағаланған. Кең байтақ даламыздың табиғатына, ауа райына байланысты киім түрлерінде де ерекшеліктер бар.

Тымақ – ерлердің қысқы баскиімі. Оны аңның, малдың терісінен тігеді. Түрлері: түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең тымақ, пұшпақ тымақ. Бұрын қазақ елі қай жүздің, қай рудың адамы екенін тымағына қарап та таныған. Оны айырбастауға болмайды, оған аяқ тигізбейді. Ұлтымызға жарасатын баскиімнің бірі – бөрік. Бұл баскиімді ерлер де, қыздар да киеді. Қыздар киетін бөрік дөңгелек төбелі немесе конус тәрізді биіктеу болып келеді. Сәукеле – ұзатылған қыз киетін аса қымбат бағалы, кәделі әрі әсем баскиім. Дәстүр бойынша сәукеле тек ұзатылған қыздарға ғана кигізіледі, оны айырбастамайды, басқаға киюге беруге болмайды.

To read more, visit the link.

Ақпараттың дұрыс не бұрыс екенін анықтаңыз.

2. ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРІ ҚАНДАЙ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРДЫ ТАҚҚАН

Қазақ халқының зергерлік өнері Қазақстанның Алтайдан Оралға және Сырдариядан Солтүстік орман далаларына дейінгі жерлерін мекендеген көшпелі халықтар мәдениетінің дәстүрі негізінде қалыптасты. Археологиялық қазбалар жүргізген кезде осы аталған аймақтардан алтын, күміс, қоладан жасалған, қымбат тастармен әшекейленген ескерткіштер табылған. Табылған заттар арқылы қазақтың зергерлік өнерімен салыстырып, түрлі-түсті асыл тастарды, алтынды пайдалану тәсілдерінің сол уақыттан бері келе жатқанын анықтаған.

16-18 ғасырларда жазғы және қысқы ауылдарда темір соғатын орын – темірхана, темір өңдейтін орын – ұсталық, зергерлердің жұмыс істейтін орны – шеберхана болған. 19 ғасыр зерттеушілері зергерлік бұйымдарды өндіру жұмыстары суреткерлік пен шеберлікті талап ететінін анықтаған. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінде де шаңырақ, ер тоқым, сарай, сандық, жүген, қылыш, әйелдер әшекейлері сияқты қолөнер бұйымдары назардан тыс қалмаған. Алтын мен күмістен бұйым жасайтын шеберлерді “зергер” деп атаған. Зергерлерді кей жерде алтын, күміс соғушы деп те атаған.

To read more, visit the link.

3. ЖАРАСЫМДЫ КИІНЕ БІЛУ ДЕ – ӨНЕР

Жарасымды киіну дегеніміз ең алдымен, киім-кешектің түрі мен түсі жағынан бір-біріне үйлесімді келуі яғни үстіңе киген киіміңнің бас киім, аяқ киім, қолға ұстайтын сумкаң және қолғабыңмен үйлесімді болуы. Киімнің сәнді де жарасымды болуымен қатар киiп барған жеріндегі жағдайға, отырған ортаңа, істейтін қызметіне сәйкес келуін де ескеру қажет. Мысалы, тойға шақырған жерге бастан аяқ қара киініп бару қандай ерсі болса, бата оқырға, яғни адамы өлген үйге қызылды-жасылды киініп, елден ерек жарқырап барған да сондай оғаш көрінеді.

Қиімнің түрі мен үлгісі оның қандай жағдайда киілуіне, жыл маусымына, адамның жасы мен тұлғасына, істейтін қызметі мен мамандығына байланысты болуға тиіс. Қиімді киілетін орнына қарай, мынадай топтарға бөлуге болады: күнделікті үйде және жұмыста киетін киімдер, сәндік үшін және салтанатты мәжілістерге киетін киімдер, қала сыртына шығып, демалуға және спортпен шұғылдануға арналған киімдер. Бұдан басқа арнаулы өндірістік және адамның жасына байланысты тағы бірнешеге бөлінеді.

To read more, visit the link.

4. СӘН ӘЛЕМІ

Дүйім жұртты елең еткізген еліміздегі барлық сән серкелерінің басын қосқан «Kazakhstan Fashion Week» сән апталығы болып өтті. Бұл еліміздің сән индустриясын әлемдік деңгейге шығарған бірден-бір жоба екенін айта кеткен жөн. Алғашында «Almaty Fashion Week» болып аталған шара шетел сәнгерлерінің назарын аудартып Kazakhstan Fashion Week  болып өзгертілген екен. Бұл жолы сән апталығына талантымен ел ішінде көзге түскен жас дизайнерлер қатысты. Сонымен қатар Ұлыбритания, Грузия, Украина елдерінің сәнгерлері де тілек білдіріп, жұрт назарына өз киімдерін ұсынды. Дизайнерлер «Прет-а-порте» стиліндегі киімдер жоғары сәнге айналатынын айтады. Яғни киімнің ыңғайлылығы басты назарда болмақ.

«Шебердің қолы ортақ» деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет екендігі сөзсіз. Әсіресе, еліміздің сән әлеміне жастардың қатары қосылып жатқаны қуантады.

To read more, visit the link.

 

5. ҰЛТТЫҚ КИІМНІҢ ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚЫ БРЕНДІН ДИЗАЙНЕРЛЕР ӘЛІ ҚАЛЫПТАСТЫРА АЛМАЙ ОТЫР

Әйелдер арасында заман талабына сай тігілген ұлттық киімдер мен орамалдар сұранысқа ие бола бастады. Алайда ұлттық стильде киіну қолжетімсіз. Кейбір шет мемлекеттерден әкелінетін киімдердің бағасы қолжетімді болғанмен, көңілге қонымсыз. Ал сәнді киім тіктіру қалтаны қағады.

Амалдың жоқтығынан қыз-келіншектер күнделікті киюге қолайлы, заманауи үлгідегі ұлттық киімдерді тиімді бағаға іздеп, дүкен-базар аралап, аяғынан таусылады. Ұнаған ұлттық үлгідегі киімді алайын десе қымбат. Сатушының уәжімен айтсақ, “қолдан жасалған бұйымның бағасы соған лайық”. Талғамы мен қалтасындағы теңгесі үйлесім таппаған соң, барымен базарлайды.

To read more, visit the link.

Мәтіндегі ақпараттың “дұрыс” немесе  “бұрыс” екендігін анықтаңыз.

 

definition

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book