87 Мәтіндер (15-күн)

1. ЖЕТІСТІК ЖОЛЫ. МОҢҒОЛИЯДАН ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШ БОЛЫП ОРАЛҒАН БАЙТЕМІР ЕРМҰРАТ ТАБЫС КӨЗІН ҚАЛАЙ ТАПТЫ

… Байтемір мырза, cіз үшін алғашқы жылдары қаншалықты қиынға соқты? Қазақстанда немен айналыстыңыз? Кәсіпті қалай бастадыңыз?

– Әрине, басында оңай болған жоқ. Шынында, 90 жылдардың басы өзге елден көшіп келген біз үшін ғана емес, жергілікті халық  үшін де ауыр тигені белгілі.  Дүкендер бос тұрды. Азық-түлік тапшы, ақша жоқ, жұмыс болмады.  Естеріңізде болса, сол кезде «Montana»  джинсилері, «Аdidas» кроссовкалары, Моңғолияның былғары курткалары өте жоғары бағаланатын. Сабақ оқып жүріп, сауданы қатар жүргіздік.  Сондықтан болар, мені курстастарым «бизнесмен» – деп атап кетті. Сөйтіп жүріп диплом алдық. Оқу бітірген соң Алматыға аттануды  ойладым. Жұмыс іздеп жүріп, бір күні «Интерконтиненталь» қонақ үйіне официант керек деген жарнамаға көзім түсті. Екі жыл өмірім осы қонақ үйдің ішінде өтті. Осылай оның «ішкі кухнясын» жетік меңгердім. Талай тренингке қатысып, ағылшын, түрік тілін үйрендік. Ал араға жылдар салып, 2000-шы жылы Астанада  «Ұйғыр асханасы» деген кафе аштым. Осылайша табыс артты, іс алға басты, бизнесім кеңейе бастады. Одан кейінгі 5 жылда 5 бірдей тамақтану орнын аштым. Олар негізінен фастфуд желісі, ішінде өзім армандаған ресторан бар.

To read more, visit the link.

 

2. БҮГІНГІ ЕҢБЕК АДАМЫ ДЕГЕНІМІЗ КІМ?

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, драматург:

– Бүгінгі заманда еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, менің ойымша, таза жұмыс істейтін адам. Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адамды еңбек адамы деп есептеймін. Ол – дихан бола ма, ол – малшы бола ма, ол – жазушы бола ма, ол – өнер адамы бола ма, актер бола ма, бәрібір. Ол маңдай терін салып жұмыс істеуі керек. Шығармашылық дарынды, талантты болуы керек. Еңбек адамы деген кез келген салада болу керек.

Әубәкір РАХИМОВ, режиссер:

– Еңбек адамы дегеніміз – өзінің адал еңбегімен жанұясын бағу, ұрпағын өсіру. Екіншіден, ол қоғамға белгілі түрде пайда әкелу.

To read more, visit the link.

 

3. КЕЗ КЕЛГЕН МАҚСАТҚА ҚАЛАЙ ЖЕТУГЕ БОЛАДЫ: ӘМБЕБАП НҰСҚАУЛЫҚ

Бұрын ешкім қол жеткізе алмаған нәрсеге қол жеткізгіңіз келетіні екіталай. Мақсатқа жету үшін басқа біреудің тәжірибесін пайдаланыңыз. Ғаламтордан бұны жасап үлгерген, яғни көп ақша тапқан, марафонға қатысқан, кез-келген спорт түрінен жарыста жеңіске жеткен немесе үш тілді меңгерген адамдарды тауып көріңіз.

Егер адам өмірбаян немесе кеңестер жинақталған кітап жазған болса – оларды қолданыңыз, егер жоқ болса – тікелей хабарласып, кеңес сұрауға тырысыңыз. Электронды пошта арқылы көмек сұраңыз. Бұл жағдайда қалаған мақсатыңызға тезірек жетуге көмектесетін құнды кеңестер мен ескертулерді алуыңыз әбден мүмкін. Берілген кеңестерден қарапайым жоспар құрыңыз. Егер сіз ештеңеден қорықпасаңыз және керемет ерік-жігеріңіз болса, қалағаныңызға қалай жететініңізді елестетіп көріңіз.

To read more, visit the link.

 

definition

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book