93 Мәтіндер (16-күн)

1. ЖАСТАР ЖЕТІСТІГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ҮНДЕЙДІ

Жастар – ұлт үмітін арқа­лаған ел ертеңі. Үміт пен сенімді ақтау сол буынның парызы. Сол себептен де жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде елі­міз­дің дамуы үшін жа­уапты екені мәлім. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен модернизациялан­уы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты. Жастар қай заманда, қай елде болмасын, асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған.

Жастар  – болашақтың жарқын айнасы іспетті. Бұл сөздің мағынасына үңілсек, «еңбек» деген ұғыммен байланысып жатқанын ұғасыз. «Еңбектің наны тәтті» деп бекер айтылмаса керек. Қай саланы алсақ та, мерейін үстем еткен үкілі азаматтар ащы терін сығумен биіктерге жеткен. Бүгінде жастар қоғамның қоз­ғау­шы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып ке­леді.

To read more, visit the link.

2. ЖАСТАРҒА ЖҰМЫС ТАБУ НЕГЕ ҚИЫН?

Оқуын оқығанымен, қазіргі таңда дипломды қалтаға салып алып, әр жерге тамақ жеткізіп, нан табатындардың, я болмаса дүкен сөрелерін жинап жүргендердің саны жетіп  артылады. Бұл көріністі көргеннің көкейінде бір ғана сұрақ туындайды. Сонда төрт жыл білім алудың маңыздылығы қанша? Мәселенің мәнісі тереңде жатыр. Тәрбие басы – отбасы демекші, оқуын тәмамдаған жастардың бүгінгі жағдайы ата-аналарына да қатысты екенін айта кеткен жөн. Өйткені мектеп табалдырығынан түлеп ұшқан бала ата-­анасының қалауындағы мамандықты таңдап, кейін аңсары аумаған кәсіппен айналысуға қауқары болмай, тағы қиналады. Қайта баланың қарым-қабілетін ескеріп, сүйікті ісімен айналысуына ата-анасы қолдау білдіргені абзал.

Дипломын бүгін ғана қолына ұстаған жас мамандар қай жұмысқа бармасын, еңбек тәжірибесі болмай, қалаған жұмыс орнына орналаса алмайды. Жұмыс берушілер тек дайын мамандарды қабылдап, олардан бірнеше жылдық еңбек тәжірибесін талап етеді. Бұл қисынға сыймайды, барлық жұмыс берушілер жұмыс тәжірибесі барларды ғана алса, жас мамандарды кім тәрбиелейді? Осы тұрғыдан шетелдік мысалдарды саралайтын болсақ, Еуро­одаққа мүше елдердің жұмыссыздыққа қарсы бағытталған  нәтижелі бастамаларының бірі – «Жастарға кепілдік» бағдарламасы. Аталған бағдарлама 15 пен 25 жас аралығындағы оқуын аяқтаған студенттерге арнайы тағылымдамадан өтіп, төрт айдың ішінде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Осы уақыт аралығында болашақ маман арнайы тағылымда барысында жаңа дағдыларды игеріп қана қоймай, теория мен практиканы ұштастыру арқылы алғашқы жұмыс орнына орналаса алады.

To read more, visit the link.

3. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАСТАР ТҮСІНІГІНДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫ

Қазақ жастарының толыққанды қала өмірімен қоса мәдениетіне, үнемі жаңарып отыратын технологиялық жаңалықтарға бейімділуі де – жеке тақырып. Біз сөз етіп отырған сүйекті мәселеде құндылықтардың трансформациялануы барысында ата-аналар мен жастардың арасындағы ескі-жаңа түсініктер тартысының табиғи түрде сәтті өрбуі аса маңызды.

– Меніңше, бүгінгі жастар үшін әуелі білім, өзін-өзі табу әрі дамыту, саяхаттау, отбасылық құндылықтарға жауаптылық және индивидтік миссиясын алып шығу приоритеттері алдыңғы шепте. Бұрын көзбояушылық сипаты басым сәнді киіну, бос селтең жүріс, бағалы заттық бұйымдарын мақтан ету әрекеттері қазіргі таңда параметрлік қасиетінен айырылып, олардың орнын тұлғалық жетістіктер, қабілет-өнері, рухани интеллектуалдық бәсеке ауыстырды.

To read more, visit the link.

4. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕРІКТІЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ҚАНШАЛЫҚТЫ АРТАДЫ, ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМҒА БЕРЕР ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ?

Сонымен, ерікті  деген кім? Мәліметтерге сәйкес,  бүгінде әлем бойынша 1 млрдқа жуық адам ерікті болып табылады. Ал Қазақстанда 16 мың төңірегінде екен. Сонымен қатар Германия мен Жапонияда еріктілердің саны жылдан-жылға көбейіп келеді екен. Көңілбай Шүкенов кәсіпкерлікпен айналысады. Бизнесте белсенді, бірнеше жобаның негізін қалаушы.

– Бизнестегі волонтерлер кімдер? Олар екіге бөлінеді, біріншісі – өз еркімен қолдау жасайтын, кезінде қиындық көрген кәсіпкерлер. Екіншісі – бизнес өкілдерін қандай да бір шараларға еріксіз тарту, оларды көмек көрсетуге шақыру, жекелеген органдардың өтініші бойынша демеу жасау.  Әрине, соңғысы қайырымдылық, меценаттық болып табылады дегенге толық келісе алмаймын.  Ал қиын жағдайда қалғандарға қаржысын бөліп беру, оларға шын көңілімен қолдау білдіретіндердің әрекетін нағыз ерлік деп бағалаймын. Егер әлемдік деңгейде алатын болсақ, технология тарихында өз қолтаңбасын қалдырған Стив Джобс, Уоррент Баффет сияқты атақты миллардерлер тапқан табыстарының белгілі бір бөлігін қайырымдылыққа салады, өздері сынды өмір жолында қиындық көргендерге қолдау көрсетіп жатады, біз осындай тұлғалардан сабақ аламыз, алуымыз керек.

To read more, visit the link.

 

definition

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book