98 Мәтіндер (17-күн)
1. NEET ЖАСТАР: САНЫ ДА, САПАСЫ ДА БЕЙМӘЛІМ ТОП
Ғылымда NEET термині ағылшын тіліндегі «Not in Empoloyment. Education or Training» ұғымының бас әріптерінен құралған. Қазақшаласақ «не жұмыс істемейтін, не оқымайтын, не өзге де істермен айналыспайтын адам» дегенді білдіреді. Негізі NEET жастардың үлесін анықтау қиын іс. Өйткені азаматтар өздерінің жұмыссыз екендіктерін айтып тиісті мекемелерге тіркелуге тым құлықты емес. Жастар қалалар мен аудандарға, ауылдарға келіп-кетіп жатады. Ресми түрде табысы мен қызметін айтып, тиісті мекемелерге хабар бере қоятындар да некен-саяқ. Ал жұмыссыз ретінде ресми тіркелмеген адамды статистика саласының мамандары «екі қолға бір күрек таппай жүр» деп есептемейді.
To read more, visit the link.
2. КЕДЕЙ ОТБАСЫНАН ШЫҚҚАН АТАҚТЫ БОКСШЫ МЫҢ АДАМҒА ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ
Пакьяо өз ауылындағы балалар бос жүріп, есірткіге әуес болмауы үшін спорт алаңдарын, қоғамдық саябақ және көпбейінді орталық та салдырған Филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо тұрмысы нашар көпбалалы отбасында өсті. Сондықтан Мэнни отбасына көмектесу үшін 12 жасында жұмысқа тұрды. Ол көшеде тәттілер сата бастап, бос уақытында бокспен шұғылданады.
Ол табандылығының арқасында сегіз салмақ дәрежесінде әлем біріншілігін жеңіп алған әлемдегі жалғыз боксшы атанды. Одан бөлек саясатпен айналысып, конгрестегі сайлауда жеңіске жетті. Мэнни Пакьяо жекпе-жектен алған алғашқы қомақты жүлдесіне өзі туып-өскен Танго елді мекенінің кедей тұрғындарына бірнеше үй салып берді. Уақыт өте келе үйсіз-күйсіз жүрген мың отбасыға баспана тұрғызды. Мэнни Филиппиндегі ең табысты және ең бай адам саналады. Ол ешқашан жетістігімен мақтанып, дандайсыған емес.
To read more, visit the link.
3. 81 ЖАСТАҒЫ САЯХАТШЫ ҚАЗАҚ ӘЖЕ «KFC» ЖЕГЕНДІ ҰНАТАДЫ ЕКЕН – НЕМЕРЕСІНІҢ ӘҢГІМЕСІ
Сексенге тақаған тұсында Лена апа өмірінде алғаш рет шет елге шыққан еді. Жасыратын несі бар, ұрпағының қамын ойлаған қазақтың қариялары бұл жаста бала-шағасының тілеуін тілеп, немере-шөбересін бағып отырады. Оқырмандарға қызық болады деген оймен, қазақ аудиториясына қатты ұнайтын және соңғы төрт жыл ішінде Англия, Франция, Испания, Таиланд пен АҚШ-ты аралаған Лена Тоқсанбаеваның немересі Айдын Тоқсанбаевамен әңгімелескен едік.
– Сіз әжеңіздің суреттері мен бейнероликтерін әлеуметтік желіге көп жүктейсіз. Суреттерге қарасақ, әжеңіз өмірге құштар жан екенін байқаймыз. Жалпы, Лена әжейдің мінезі туралы, жаңашылдықтарға деген көзқарасы туралы айтып беріңізші?
– Әжем расымен де өмірді сүйетін, мінезі керемет адам. Әжем біздің ұсыныстарымызды қолдап отырады, солай бола тұра, ақылшымыз ретінде шектен шығуға жол бермейді. Ол менің туған әжем, ал әжесін кім жаман десін…Бала-шағасына келгенде өте жұмсақ, бірақ бейтаныс адамдармен бірден сөйлесіп кетуі екіталай.
To read more, visit the link.
4. ЕРІКТІ БОЛУ – ІЗГІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
Қайырымдылық қасиеті қазақ халқының болмысының ажырағысыз құрамдас бөлігі болса керек. Мысалы, бұрын ауыл-аймақта көрші-қолаң жиналып, мұқтаж жанға қолдарынан келгенше көмек көрсетіп, асар ұйымдастырған. Сондықтан да бүгінгі еріктілер дәстүр сабақтастығының бір көрінісі деп білемін. Соның ішіндегі ең бір риясыз қызметтің түрі – асарлату дәстүрі. Халқымыздың этнографиялық терең танымындағы «Асар» дәстүрінің бүгінгі заманауи көрінісі еріктілік деп түсінуге болады. «Ағайынға қайырым етіңдер» деген ұранды халыққа насихаттаған Абайға бүріскен мал мен жүдеген жандар үлкен ой салған еді. Жұт деген жоқшылық, қысталаң, апат деген осындай боп кақ қасына келгенде, Абай ел тірлігінің барлық қайғылы сорын көрді. Ұлы Абайдың өзі риясыз, ерікті түрде қиналған жандарға жаны ашып, қазақ тарихының бедеріндегі еріктілердің ата дәстүрінің үлгісі ретінде көрінеді. Әлем ойшылы әл-Фарабидің философиялық тұжырымдарында да қайырымды адамдардың қоғамы талданады. Еріктілердің қайырымдылық, өзара көмек қолын созу сынды қасиеттері философиялық тұрғыда түсіндіріледі. «Ерік пен еркін таңдау арасындағы айырмашылық туралы» түсініктерді келтіреді. Мұнда: «Пайымдалатын нәрсеге талпыну дегеніміз, тұтас алғанда, ерікке еркіндік беру деген сөз.
To read more, visit the link.
көп салалы
айналысу
ауқымды, үлкен
мақтану, өркөкіректік көрсету
жағдай
таныс емес, бөгде
жүзеге асуы белгісіз, күмәнді
біреудің үлкен, қауырт жұмысына көпшіліктің беретін көмегі, жәрдемі
шынайы, таза
арықтау, салмақ тастау
қиындық