103 Мәтіндер (18-күн)
1. ЖАСТАР НЕГЕ НЕКЕ ҚИЮҒА АСЫҚПАЙДЫ?
Психолог Сабина Рамазанова: Қазір жастардың дені отбасын құруға немесе отбасылы болуға асықпайды. Оның бірден-бір себебі – жастардың көзқарасы өзгерген. Олар отбасы құрудан бұрын, өмірде қандайда бір дәрежеге жетуді, аяғына тік тұруды ойлайды. Бұл «мүлдем үйленбеймін» не «тұрмысқа шықпаймын» деген сөз емес. Мұндай жастар отбасылы болады. Бірақ әке-шешесін тойдың қарызына батырмай, өз күшімен жасағанды жөн көреді.
Психолог Назгүл ханым: Қазір 30-35 жастағы қыз-жігіттер үйленуге асықпайды. Заман өзгерді, онымен бірге адам да, құндылық та өзгерді. Бүгінгі жастар отбасын құруды, бала тәрбиелеуді бірінші орынға қоймайды. Олардың басты мәселесі – материалдық жағдайын жақсартып, аяғына нық тұру. Көпшілігі осыдан кейін ғана отбасын құрғысы келеді. Бір жағынан ол да дұрыс. Дегенмен материалдық жағдайды отбасынан жоғары қоюдың қажеті жоқ.
To read more, visit the link.
2. ҚҰЛЫҚСЫЗ NEET ЖАСТАР
“NEET жастары” несі деп отырған шығарсыз. Бұл – соңғы жылдары пайда болған жастардың тобы. Әлемдік ғылым мен мемлекеттік басқару саласында NEET деген ұғымның қолданыла бастағанына біршама жыл болды. Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев NEET ұғымына мынадай анықтама берді: “оқуға, еңбектенуге, ізденуге құлықсыз саяси және азаматтық белсенділігі аса төмен, жауапкершілікті мойнына алып, белсенді өмір сүруге ниеті жоқ жастардың жалпы жиынтығы”. Қазақ тілінде бұл терминді бір сөзбен “құлықсыз жастар” деп те атауға болады.
To read more, visit the link.
3. ЖАСТАР ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ 6 МИЛЛИОН ЖАСТЫҢ АРМАНЫН ОРЫНДАЙ МА?
Енді еліміздегі 35 жасқа дейінгі азаматтар ресми түрде жастар санатына кіреді. Осылайша, олар «Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға!» сынды мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасу құқығына ие болды. Әлеуметтанушы Рамазан Салықжанов заңда белгіленген жас шамасының ұлғайтылуының да бір негізі бар деп отыр. Сарапшы өйткені экономикалық қыспаққа түскен, әлеуметтік саяси тұрғыдан әлі де болса мемлекеттің қолдауына зәру бұл демографиялық топқа қолдау, жағдай жасау орынды дейді.
To read more, visit the link.
4. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС ҒАЛЫМДАР СИЫР СҮТІНЕН ҚАЛАЙ СИНБИОТИК СУСЫНЫН ЖАСАП ШЫҒАРДЫ
Идея қалай пайда болды, синбиотик дегеніміз не, құрамында не бар, өнім өзін ақтай ала ма, командада кімдер бар, тағы қандай жобалар қолға алынуда? Қазақстан нарығында алғаш пайда болған «Нәр» сусынының теориялық тарихы 2011-2014 жылдар аралығын қамтиды. Жобаға Назарбаев университетіндегі National Laboratory Astana орталығының сол кездегі жетекші ғылыми қызметкері, қазірде «Өмір туралы ғылым» орталығының директоры қызметіндегі Алмагүл Кушугулова жетекшілік етті. National Laboratory Astana жобасын жүзеге асыру ең алдымен Ғылым қорының және оның төрағасы Ануарбек Сұлтанғазиннің қолдауымен болды. Сонымен қатар барлық тәуекелді өз мойнына алып, инновациялық жобаны енгізуді қолға алған «Агрофирма «Родина» ЖШС директоры Иван Сауэр ерекше үлес қосты. Қазақстан нарығында бұндай өнімнің аналогы жоқ.
To read more, visit the link.
адамның ойы
мәртебе, бедел, абырой
дұрыс деп есептеу
белгілі бір нәрсеге деген көзқарас
бір бүтін нәрсенің барлық бөлшектері, жиынтығы
жетекші болу, басшы болу
бір іске батыл кірісу, риск