109 Мәтіндер (19-күн)

1. ҰЙЫҚТАР АЛДЫНДА ҚАНДАЙ ТАМАҚ ЖЕУГЕ БОЛАДЫ?

Диетологтар көбіне кешкі сағат 18:00 немесе 19:00-ден соң тамақ ішпеуге кеңес береді. Бұл ереже дене сымбаттылығы мен жалпы денсаулық үшін маңызды деп саналады. Бірақ ол кешке мүлдем тамақ ішпеу керек деген сөз емес: 18:00-ден соң зиянды тамақтар жеуге болмайды. Мысалы, кей адамдар аш қарынмен ұйықтай алмайды. Ендеше, артық салмақ қостырмайтын және ұйықтауға кедергі келтірмейтін тағамдарды ұсынамыз. Ұйықтар алдында рұқсат етілетін тағамдар қатарына бұқтырылған кәді, пісірілген картоп пен гүлді қырыққабат, суға піскен брокколи, асжапырақ (шпинат) және салат жапырақтары жатады. Осы көкөністерден рагу немесе пісірме (запеканка) жасап жеуге болады. Бұл тағамдармен қарынды тойдыруға болады және олардың денсаулыққа еш зияны тимейді.

To read more, visit the link.

2. ТАМАҚ ІШЕ САЛА НЕГЕ ЖАТУҒА БОЛМАЙДЫ – ДӘРІГЕР ЖАУАБЫ 

Гастроэнтеролог, гепатолог Наталья Марченко тойып алған соң жатудың қауіпті екенін айтты. Оның айтуынша, бұл айтарлықтай ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Сондықтан тамақтанғаннан кейін бір жарым сағат ішінде жатпаған және қатты еңкеймеген жөн. “Көлденең қалыпта сфинктерге қысым (заттың бір органнан екіншісіне өтуін реттейтін клапан) жоғарылайды. Дені сау адамдарда бұл ыңғайсыздықты тудыруы мүмкін, ал асқазан-ішек жолдары проблемалары бар науқастарда диспепсиялық синдромға, яғни ас қорытудың бұзылуына әкеледі”, – деді Наталья Марченко.
Асқазандағы затты өңешке, яғни рефлюкске құю қаупі жоғары пациенттерге тамақтанғаннан кейін екі-үш сағат жатпау ұсынылады. Отыруға болады, бірақ оның да ескеретін жайттары бар.

To read more, visit the link.

3. ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ ПИРАМИДАСЫ: НЕНІ ҚАНША ЖЕУ КЕРЕК?

Эстония ғалымдары дәлелдегендей, біз барлығымыз нормадан артық немесе кем көлемде тамақтанамыз. Адамдардың организміндегі құнарлы заттарды жеткіліксіз болуына себеп осы. Тамақтану пирамидасы бойынша адам күнделікті дәнді-дақылдардан және картоптан жасалған тамақтарды көптеп жеуі керек. Сүт және сүтті өнімдерді орта деңгейде тұтынып, ет, жұмыртқа, құс еті, етті аздап жеу керек. Осы жүйе бойынша бір апта тамақтану организмге керек құнарлы заттар көлемін дұрыстауға септігін тигізеді. Бұл азық-түліктердің біреуін болсын күніне жеп тұрған дұрыс. Тәтті және қатты тұздалған тағамдарды азырақ тұтынған дұрыс.

Тамақтану қалпына келуі үшін:

  • Дәнді-дақылдардан жасалған тағамдар;
  • Жаңғақ және көкөністер;
  • Жемістер мен жидектер;
  • Балғын, суытылған балық өнімдері.

To read more, visit the link.

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book