121 Мәтіндер (21-күн)
1. ТУҒАН ЖЕР ТАҒЫЛЫМЫ
Қолымызға ойда-жоқта «Ақ ниет» атты кітап түсті. Авторы Дәуірхан Айдаров. Бар ғұмырын идеология, ағарту саласына арнаған мемлекет және қоғам қайраткері.
«Ақ ниетте» басымырақ, ерекше байқалатын жайт – туған жер туралы толғаныс. Адамның кіндік қаны тамған топырақтың құдіреті мен қасиеті. Автордың: «Адам бар жақсы қасиетті туған жерінің топырағынан алады деген ескі сөз бар. Туған жердің топырағы торқа, ауасы жұпар, суы бал, жусанының да иісі бөлек. Мен сексен жасқа таяндым. Осы жасқа келгенше талай жердің топырағын бастым, дәмін таттым, бас-аяғы отызға жуық елге жол түскен екен. Сонда байқағаным туған мекенім бәрінен де ыстық, жақын көрінеді. «Тарықсаң еліңе тарт», «Туған жердің топырағы да сүйкімді» демей ме. Кім болса да туған топырағына қарыздар» деген сөздерінен балдәурен балалық шағы өткен асыл мекен – туған жерін жан-тәнімен қадірлеп, ардақтайтынын аңғару қиын емес.
To read more, visit the link.
2. ТУҒАН ЖЕР
Қасым Аманжолов
Шықшы тауға, қарашы кең далаға
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?
Уа, дариға, алтын бесік туған жер
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей
Ақын болмай тасың болсам мен егер
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің
Нендей күйге жүрегімді бөледің
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім
Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім
Қызығыңды көріп еркін келемін
Сен де аямай бердің маған барыңды
Мен де аямай барым саған беремін
To read more, visit the link.
3. ТАРИХИ НЫСАНДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЕЛДІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАДЫ
Бүгінде Қазақстанның өңірлерінде жүргізілген зерттеу нәтижесінде тарихи-мәдени мұраның саны молая түсті. Жалпыұлттық маңызға ие киелі нысандар саны 205-ке, ал өңірлік маңызға ие нысандар саны 575-ке жеткен. Зерттеуші ғалымдар тарихи нысандарды анықтауда арнайы бекітілген бес ерекшелікке көңіл бөледі. Бірiншісi – табиғи құбылыстардың нәтижесінде пайда болған орындар, екiншi – археологиялық ескерткіштер және орта ғасырлық қала орталықтары, үшіншi – діни және ғұрыптық орындар, төртiнші – тарихи тұлғаларға қатысты қасиеттi орындар, бесiншi – саяси, тарихи оқиғаларға байланысты қасиетті орындар. Бүгінге дейін республикалық маңызы бар 23 тарихи және мәдени ескерткішке ғылыми реставрация жасалды.
To read more, visit the link.
жаппай сауат ашу, халыққа білім беру, оқыту, тəрбиелеу ісі
орын, жай, тұратын жер
бар ықыласымен, ынтасымен
қуанышты, шат көңілді, риза
біреудің қатесін кешіру, рақымшылық жасау
аянбай, бар күшін салып
киесі бар, қасиетті
салт-дәстүрлік, әдет-ғұрыптық