126 Мәтіндер (22-күн)

1. РАХМЕТ САҒАН, ТУҒАН ЖЕР!

Әрбір адам баласының кіндік қаны тамған мекен оның туған жері. Туған жер, өскен орта сол себептен де адамның түп қазығына баланады. Өмірге деген іңкәрлігің туып-өскен топырағыңа деген ыстық сезіміңмен ұласып, тамырыңа қан жүгіртеді. Сол арқылы болашаққа бағыт алып, бет түзейсің. Қай биікке шықсаң да бала кезде көз алдыңда қалған ауылыңның ақеділ адамдары санаңның түкпіріне қатталып, ойыңнан кетпейді, жадыңда жаңғырып тұра береді. Бұл кез-келген адамның басында болатын хәл. «Әркімге өз туған жері – мысыр шәрі» деген сөз осыдан қалса керек. Туған жердің жыңғылы мен жусаны, қамысы мен қарағайы, ойы мен қыраты, қарақаты мен бүлдіргені, шұбатылған өзені, керек болса қырында жатқан түйір тасына дейін қымбат. Сол кішкентай ауылдан бастау алған балаң сезім, тұтас туған отанды сүюге жетелейді.

To read more, visit the link.

2. ТУҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ МАҚАЛ МӘТЕЛДЕР 

Туған елің болмаса,

Тумай-ақ қойсын күн мен ай.

Туған жерге туың тік.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.

Туған жердің күні де ыстық, күлі де ыстық.

Туған жердің тасы да болысады.

Туған жердің торғайы да сүйкімді.

Туған жердің торғайы: тұрымтайдай көрінер,

құлыны тайдай көрінер, қыздары айдай көрінер.

Туған жердің түйе жейтін жапырағы да дәрі, түйе аунайтын топырағы да дәрі.

Туған жер — тұғырың,

Туған ел — Қыдырың.

Туған жердің ауасы да шипа,

Туған жердің жуасы да тәтті.

Туған жердің тасы да таныс.

To read more, visit the link.

3. НАЗИРА БАЙЫРБЕК: «АМЕРИКАДА ҚАЛҒЫСЫ КЕЛЕТІНДЕРДІ КІНӘЛАЙ АЛМАЙМЫН»

«Болашақ» бағдарламасының аясында дәл қазіргі таңда 1199 стипендиат әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінде оқып жүр. Солардың бірі – «Дарын» сыйлығының иегері, бірнеше кітаптың авторы, көпбалалы ана, белгілі журналист Назира БАЙЫРБЕК. Бүгінде ол отбасымен АҚШ-қа қоныс аударып, Нью-Йорк қаласында білім алып жатыр.

– Жастау кезімде Шерхан Мұртаза ағамыздан сұхбат алып отырып, жазушымен «Ай мен Айша» кітабын оқығанда туған ойларым жөнінде әңгіме өрбіткенім есімде. Сонда Шерхан ағамыз «туған жерін аңсамайтын, сағынбайтын адам болмайды» деп еді.  Қазір Америкаға келгелі елді ойламайтын күнім жоқ. Таңертең ұйқыдан тұрғанда кеудеме сағыныш толып оянамын. Кейде Нью-Йорктің әдемі көшелерімен келе жатқанда да ішімдегі сол сағыныштың күңіренген қобыз үні құлағыма келетіндей. Аздап мұңайып қаламын. Шер-ағамен алғаш сұхбат құрғанда өз жанымдағы, жүрегімдегі осы бір ғаламат сезімді әлі тани алмай жүрген екенмін ғой деймін өзімше. Америкадағы өмір соншалықты қарбалас, қауырт болса да мен елді сағынбай жүре алмайтынымды түсінгенмін.

To read more, visit the link.

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book