137 Мәтіндер (24-күн)

1. СОҢҒЫ КЕЗДЕРІ АУА РАЙЫ НЕГЕ СОНША ҚҰБЫЛМАЛЫ БОП КЕТТІ?

А. Ең құбылмалы ай ретінде өткен маусым айы анықталған. Осы аталған ұйым жанындағы Әлемдік Климат бағдарламасының директоры Кен Девидсон Азаттық радиосы тілшісіне берген сұхбатында былай деген еді.

Ә. Аса қатты жылдамдықпен орын алып отырған өзгерістер адамдар денсаулығы мен өміріне кері әсерін тигізуде. Ондай өзгерістер, яғни су тасқындары мен дауылдар мыңдаған адамдар өмірі мен миллиардтаған доллар қаржыны алып кетуде.

Б. Алдағы айларда да мұндай оқыс өзгерістер жиі байқалуы мүмкін-, дейді ғалымдар. Алайда оның ең биік шыңы соңғы жылдарда ғана байқалса керек.

В. Ғаламдық жылыну жөнінде әлем ғалымдарының әлі күнге дейін бір тоқтамға келе алмай отырғаны белгілі. Алайда соңғы уақытта ауа райында күрт өзгерістердің болып жатқаны туралы екінің бірі әңгімелей бастады.

Г. Женева қаласында орналасқан   БҰҰ жанындағы Әлемдік метеорология ұйымының мәліметтеріне қарағанда, өткен маусым айы аса жоғары және тым төмен температуралы ауа райының өзгеруі бойынша нағыз рекордты мезгіл болған екен.

Ғ. Әлемдік Метеорология ұйымы және оның әртүрлі елдердегі бөлімшелері халықты қауіпті апаттардан және қолайсыз ауа райларынан сақтандыру үшін зерттеулерін одан әрі жалғастыруда”.

To read more, visit the link.

2. АУА РАЙЫНЫҢ КӨҢІЛ-КҮЙГЕ ƏСЕРІ

Ауа-райы мен көңіл күйді байланыстыру бұрынғы кездерден келе жатқан құбылыс екен. Ежелгі зерттеулерге қарасақ, шынымен сол кездері адамдар ауа-райына қарай әрекет етіп отырған. Мысалы, жайдарлы, күншуақ кездері олардың күнкөріс табуына үлкен ықпал тигізген. Аң аулауға, азық жинауға, т.б қызмет етуге ыңғайлы болды.  Жаңбырлы, бұлтты күннің де зияны болмады. Себебі, алқапты суарып, егіншілік жайқалып жатты. Бірақ, үстері малмандай су болып, қызмет етуге кері әсерін тигізетін құбылмалы ауа-райы кейбір адамдарды да қынжылтатын.

To read more, visit the link.

3. ТАБИҒИ ҚҰБЫЛЫСТАР, АУА РАЙЫ МЕН АСПАН ДЕНЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЖҰМБАҚТАР

1. Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді.

2. Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады.

3. Қанаты жоқ, ұшады,

Аяғы жоқ, жетеді.

Аузы жоқ, ұлиды.

4. Қараңғыда жымыңдайды, жанады,

Жарық түссе, бірден сөніп қалады.

5. Аяқсыз жетіп барады,

Қолсыз есік қағады.

6. Қонақтап күнде қонар су бетіне,

Сүйсінер барлық адам келбетіне.

Тұлғасы су ішінде көрінеді,

Таңырқап қарап тұрсам суретіне.

7. Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұр шашады.

To read more, visit the link.

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book