159 Мәтіндер (28-күн)
1. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙМЫЗ?
Бүгінде қоршаған ортаны қорғау қадамдары адамзаттың табиғатпен үйлесімді өмір сүруі тұрғысынан қарала бастады. Осы орайда, конгресс аясында өткен көрмеде экологиялық тұрғыдан қауіпсіз отандық өнімдер таныстырылды. Мәселен, астаналық «Биопакет» кәсіпорны шығаратын экопакеттер картоп және жүгері крахмалы мен қант құрағынан жасалады. Бұл пакеттердің полиэтиленнен ерекшелігі – пайдаланып болғаннан кейін үш ай мен бір жыл аралығында шіріп кететіндігінде. Ал «Нұр Қайнар» инновациялық кластері» ЖШС табиғи шикізатты қайта өңдеу технологиясы арқылы қылқан концентраты өндірісін жолға қойған. Бұл адамға күш-қуат беріп, иммундық жүйесін нығайтатын және көптеген ауруларға шипа болатын концентрат саналады.
To read more, you can visit the link.
2. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАМҚОР ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАРДЫҢ ХИКАЯСЫ
Сұлтан Балғабай – Greencity Shymkent ұйымының жетекшісі. Шымкент қаласындағы білім-инновациялық лицейінің 10-сыныбында оқитын Сұлтан сабақтан бос уақытында тұрғын үйлердің қоқысын шығаруды кәсіпке айналдырған.
Менің жасым – 16-да. Бір жарым айдан бері Greencity Shymkent ұйымы арқылы өзім тұратын шағынаудандағы қоқыс мәселесін шешуге атсалысып жүрмін. Тақырыпты әріден тарқатып айтар болсақ, біздің үйіміз орналасқан «Нұрсәт» шағынауданында қоқыс көп. Себебі тұрғындар қоқысты арнаулы орынға жеткізбей жарты жолға тастап кетеді. Көшеде, балалардың ойын алаңында, аулалар мен арықтарда шашылып жатқан қоқыстың қоршаған ортаға зардабы көп екені айтпаса да түсінікті. Бұған қоқыс тастауға мүмкіндігі жоқ қарт адамдар, жұмысбасты тұрғындар мен бұл істі жаны сүймейтін азаматтарды қосыңыз. Осы мәселелерді саралай келе, тұрғындарға қоқысты үйден алып кететін қызмет ұсыну туралы ой келді. Ойға алғанымды жүзеге асыру үшін Greencity Shymkent ұйымының негізін қалап, Шымкент қаласында өткен U:hack идеялар фестивалінде бірлесіп жоба қорғаған серіктестеріммен бірге жаңа ұйымның жұмысын бастадық.
To read more, you can visit the link.
3. ЖЕР БЕТІНДЕГІ КЛИМАТ ӨЗГЕРІСІНІҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ КҮШЕЙДІ
Гэвин Шмидт, климатолог, Ғарышты зерттеу институтының басшысы: Жаһандық жылынудың әсері байқала бастағаны хақ. Су тасқындары, кей өңірлерде күрт аптап ыстықтың болуы, жауын-шашын мөлшерінің артуы, экожүйенің өзгеруі соған дәлел. БҰҰ мәліметінше, климаттың өзгеруі жаһандағы шиеленістердің көбеюіне де себепші болады. Жыл сайын табиғат апаттарының салдарынан 20 млн адам өз үйлерін тастауға мәжбүр.
Ханс Брюйнинкс, Қоршаған орта бойынша еуропалық агенттіктің атқарушы директоры: Қазірдің өзінде орны толмайтын залалға куә болып отырмыз. Климат өзгеріп, биоалуантүрлілік жойылып барады. Мұхиттардың көлемі мен келбеті өзгерген. Жедел әрекет етуіміз керек.
To read more, you can visit the link.