170 Мәтіндер (30-күн)

 АЛДАРДЫҢ БІР БАЙДЫ ЕМДЕУІ

Ассалаумалейкүм!  –  депті,  басы  таз, көзі  басыр   болған   алым-жұлым,   қолына ұзын-ұзын екі таяқ ұстаған біреуге Алдар.

— Өй, өзің кімсің, алдыңда қой жатыр ма? – депті, қолын көзіне көлегейлеп сығырайған кісі.

— Сорлы-ай, жасың жетіп көзің адым жер дегіні көрмейтін  болған  соң,  жалданбасаң еді.   Бұл   сиқыңмен   байдың   қойын   бағып оңдырасың   ба?   Жетім   лағын   жоғалтсаң желкеңді қияды ғой.

—  Былшылдама!  Мен  кімге  жалданатын едім, мал өзімдікі…

— Қой өзіңдікі ме еді… Қанша қойың бар?

— Көбейте алмай жүрмін, мың болғырды. Осы  жайылып  жатқанның  жартысы.  Төрт таяқ қойым бар. (Бар қойдың санын таяққа кертіп,  әрқайсысында  мың  кертігі  бар  екі таяқты ұстап жүреді екен).

—  Онда  құдай  берген  жан  екенсің  ғой…Ендігі екі таяғыңды кім бағып жүр?

— Бір таяқ қозымды балам, бір таяқ ешкі лағымды тоқалым бағып жүр.

— Бәйбішең үйде отыр екен ғой?..

— Неге отырсын, жылқыны үлкен ұлым, түйені   келінім,   сиырды   бәйбішем   бағып, Қүрақты көлдің басында отыр.

—  Осынша  көп  малдың  иесі  болған  соң, жалшы неге жалдамайсың?

—  Өй,  жағыңа  жылан  жұмыртқалағыр екенсің! Ол  маған  тегін  баға  ма,  жылына  лақты ешкі  беріп  құтымды  неге  кетірейін…  Осы бір  көзі  қүрғыр,  күн  қағып,  түк  көрмей  қалып  отыр.  Отарлап  бағып,  соны  өріске алып  кетіп  едім,  бүгін  көзім  түк  көрмей қалып отыр.

— Ендеше, емші тауып неге емдетпейсің?

— Сөзің құрысын, шіркін! Ол оңай емдей қоя  ма:  «Қой  сой,  соның  өкпесімен  қағам. Жамбасы   мен   төсін   терісіне   орап,   үйіме алып  кетем.  Жеті  күн  жатып,  қалған  етін жеймін»,  –  дейді.  Өйтіп  емдетіп  шығынға батқанша,  жүре  бергенім  жақсы.  Салқын түскен соң, өзі жазылып кетеді.

—  Әнебір,  диуана  дегендер  болатын  еді. Айран-шалап ішіп-ақ шөп-шаламмен емдей салатын…  Сол  немелер  де  кездеспейтін  болып кетті, – деп, бай қынжылады.

—  Байеке,  мені  айтып  отырсыз  ғой.  Мен сол  айтып  отырған  диуанамын, депті  Алдар.

—  Онда  жақсы  болған  екен.  Көзімді  емдейтін шөп-шаламың бар ма?

—  Бар  болғанда  қандай!..  Басыңды  жазатын «қоя» деген дәрім бар, көзіңді жазатын «палатжапырақ» деген шөбім бар.

—    Ой,    бар    болғыр-ай!..    Мұндай    сәті түсер  ме…  Маған  соларың-ақ  ем  болады. Сондайларыңды    жағып,    ырымын    істей ғой… – деп, бай жабыса кетеді.

— Ем істеген соң, басыңды таңып, көзіңді байлаймын. Сонда жердің құртындай қойыңды кім бағады?

— Кім бағушы еді, өзім бағам, – дейді бай.

— Мен баға түрайын, өзің жата түр, – дейді Алдар.

—  Қой,  қаңғырған  неме,  сендей  нақұрыс малдың жайын қайдан білетін едің, қойымды  ашықтырып  тастайсың.  Қойдан бөліне  беретін  кержағал  серкем  бар,  соны, қойдан қалмайтын төбетімді қолыма айлап бер.  Еміңді  істе  де,  баратын  жеріңе  қүры. қысына қойыртпағымнан бір тостаған іш!Алдар  «жарайды»  дейді  де,  басына  иттің қиын  езіп  жағып,  көзіне  сасық  қурайдың шайырын   жағады   да,   белбеуімен   басын таңып   береді.   Кетеген   кержағал   серкесі мен  итін  байлап  қолына  ұстатып,  төбеттің басына    дорба    кигізіп    байлап    тастайды. Тұмшаланған  ит  жұлқына  тартып,  байды бетімен қаңғыртып кете беріпті. Қойды айдап Алдар аулына келіпті.

To read more, you can visit the link. 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book