177 Мәтіндер (31-күн)
1. БЕКЗАТ ӨНЕР ОРДАСЫ – «АСТАНА БАЛЕТ»
«Астана Балет» театры 2012 жылы құрылған болатын. 2016 жылы тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елорданың мәдени өмірі тағы бір сәулет өнерінің үздік туындысы «Астана Балет» театры ғимаратымен толыққан еді. Бүгінде театрдың репертуарында классика, модерн, неоклассика, «contemporary» стилінде сахналанған бірталай балет, концерттік бағдарлама бар. Ұжымның Бейжің, Париж, Вена, Мәскеу, Санкт-Петербург, Сеул, Будапешт, Нью-Йорк, Токио, Брюссель, Варшава қалаларына гастрольдік сапарлары туралы әлемдік деңгейдегі көптеген танымал сарапшылар пікірлер жазды. Борис Эйфман Санкт-Петербургтің тарихи Мария театры сахнасында жоғары деңгейде өнер көрсеткен жаңа стильдегі жас театр үшін аз уақытта халықтың осыншама ыстық ықыласына бөлену айтарлықтай жетістік екенін тілге тиек етіп, тілектестігін білдіреді.
To read more, you can visit the link.
2. ДУБАЙДА ҚАЗАҚ СУРЕТШІСІ СӘУЛЕ СҮЛЕЙМЕНОВАНЫҢ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ
Дубайда қазақстандық суретші Сәуле Сүлейменованың ерекше көрмесі өтеді. Талант иесі Әмірліктерде көрме өткізуге арнайы шақыру алыпты. Суретші «целлофанды кескіндеме» жанрымен 2017 жылдан бері айналысады.
– Көрмеге «Келін» атты картинамның кішкене түрін қоямын. Бұл қойылым лайф-шоу болады. Сондай-ақ «Үш келін» атты туындымды да көрмеге шығармақпын. Бұл – менің үш қыздан тұратын композициям. Сәукеле киген, енді тұрмысқа шыққалы жатқан және тұрмысқа шыққан қыздар туралы. Егер мен ұлттық бейнелерге жүгінсем, сол арқылы еліміз туралы, біздің салт-дәстүріміз туралы өзгелерге баяндай аламын. Ұлттық бейне арқылы жалпы әлемдік проблемаларды көтеріп жүргенім өзіме ұнайды. Таныстарым түрлі-түсті пакеттерді, кәдесый, той пакеттерін арнайы алып келеді. Маған бәрінен де тойдан қалған пакеттер қатты ұнайды. Олар ерекше әдемі.
To read more, you can visit the link.
3. ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ КИНО
Тарихи деректерге сүйенер болсақ, алғашқы кино 1895 жылы пайда болған. Ағайынды Люмьерлердің «Пойыздың келуі» («Прибытие поезда») деректі фильмі жарыққа шықты. Бұл – бүкіл әлем бойынша ресми түрде тіркелген әрі көрсетілген бірінші кино. Алайда 1888 жылы ресми түрде тіркелмесе де француз азаматы Луи Ле Принц фотоэмульсиямен қапталған пленкаға ұзақтығы 2 секундтан асатын «Раундхэй бағындағы көрініс» («Сцены в саду Раундхэй») картинасын түсірген. Әлемдегі алғашқы операторлардың бірі, Джордж Истмэн, бұл картинаның операторы болды.
To read more, you can visit the link.