187 Мәтіндер (33-күн)

1. ЖҮЗДЕГЕН ШӘКІРТІМ ЖОЛЫМДЫ ҚУДЫ – ҚОЛӨНЕРШІ ДӘУЕЙ ШАТЫРБАЙҰЛЫ 

Солтүстік Қазақстан облысы Келлеровка елді мекенінің тұрғыны Дәуей Шатырбайұлы отбасы мүшелерімен бірге қазақтың қолданбалы қолөнерімен айналысады. 45 жыл ұстаздық еткен қарттың алдынан мыңдаған шәкірт өтіп, олардан жүздеген қолөнерші, дизайнер, суретші, архитектор шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. СҚО Тайынша ауданы Келлеровка елді мекеніне Дәуей Шатырбайұлы 1990 жылдары Моңғолиядан қоныс аударды. Көпшілік қарияны он саусағынан өнер тамған шебер ретінде біледі.

To read more, you can visit the link.

2. ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КЕСКІНДЕМЕСІНДЕГІ ТЫҢ СЕРПІЛІСТЕР

Дәстүрлі кескіндеме саласында өзіндік мәнерімен бағытын қалыптастырған суретшілер қатары сонау тарихымыздағы көшпелі дәуір салты мен дүниетанымының терең философиялық мағынасына үңіледі. Шынайы тарихи кезеңдерді, тұрмыстық жағдайды жоғары деңгейге көтереді. Әсіресе, шығармашылығына Доспамбет пен Ақтамбердінің, дана Бұқар жыраудың реалистік дәстүрлі өнерін негіз еткен Б.Мырзахметов әрқашан ұлт тарихымен, ел тағдырымен рухани байланысын үзген емес. Суретші шынайы өмірді, ежелден келе жатқан қазақ халқының тұрмыс тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, халықтық философияны сипаттап көрсетуде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленеді.

To read more, you can visit the link.

 

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book