193 Мәтіндер (34-күн)

1. Қазақстанда заманауи Mental Healthy City қалыптасып келеді 

Мазасыздық, күйгелектік – кез келген ірі қаланың тұрғындарына тән жай-күй. Мұны Амстердам менталды денсаулық институтының ғалымдары айтып отыр. Америкалық жазушы Джек Лондон айтқандай, әлдеқайда тоқтаусыз асыққан мегаполис тұрғындары өзін бақытты сезінуі үшін бір уақ кідіріп, көше орындығына жайғасуы керек. Жүйкесі жұқарған, тынышсыз, ашушаң күйге жеткен өз тұрғындарына ірі шаһарлардың өзі де көмектесе алады. Бұл үшін заманауи қала адамдарға бағдарлануға, қоғамдық кеңістіктерге толы болуға тиіс.

To read more, you can visit the link.

2. Қазақстанда психикалық саулыққа көзқарас өзгеріп келеді

Психикалық саулық саласындағы мамандар консервативті қоғам мен советтік дәуірден қалған стигмаға қарамастан, дәрігерден кеңес пен көмек алуға келетін жастар көбейгенін айтады. Маманның айтуынша, бірнеше жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда қазір психолог қызметіне жүгінетін жастар көбейген. Мамандар әлеуметтік желілердің дамуымен қатар адамдарда интернетке тәуелділік пен жалғыздық сезімі күшейгенін айтады. Бірақ дәл осы платформалар психикалық саулық мәселесін көтеруге де жақсы серпін берді. Психикалық мәселелері бар адамдар көбейген де, азайған да жоқ. Тек маман көмегіне жүгінуге әзір адамдар саны артты. Ірі қалаларда психикалық саулық туралы сөйлесу қалыпты дүниеге айналды.

To read more, you can visit the link.

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book