198 Мәтіндер (35-күн)
1. Well-being менеджер: ұжымдық мәдениеттегі жаңа бағыт
Ұжым мәдениетінде заманына қарай жаңа бағыт пайда болып отыратыны бар. Мысалы, кейінгі жылдары well-being мәдениеті түсінігі қосылды. Компанияда бірлік пен береке орнап, қызметкерлері қажып кетпес үшін қолданылатын тың құрал мен әдіс десек болады. Ағылшын тілінен аударғанда «әл-ауқат» дегенді білдіреді. Бұл терминді корпоратив мәдениетке қатысты қолданғанда адамның толықтай көңілінен шығатын ортада жұмыс істеуіне мүмкіндік беру дегенге саяды. Яғни well-being бағдарламалар қызметкерлердің ішкі күйін реттеуге арналған комплекстерден тұрады. Бұл жұмысшылардың жағдайын жақсартып қана қоймай, мекеменің нарықтағы бәсекеге қабілетті болуына жол ашады.
Жұмыс барысында жайбарақат күйде жүргеннің қандай пайдасы бар? Мысалы, әріптестермен арада жақсы байланыс орнаған, жалақы көңіліңізден шығады, жұмыстың бәрі жоспармен, ретімен жүріп жатыр. Бұдан бөлек, физикалық және психикалық процестер де ескеріледі. Жалпы алғанда мұндағы басты мақсат — күйзеліс тудыратын, көп уақыт алатын, алаң қылатын дүниелерді мейлінше азайту, түбегейлі тамырымен жою.
To read more, you can visit the link.
2. Адам капиталы – басты құндылық
Адам капиталы – біз әлеуметтік сала деп атайтын материалдық емес активтердің жиынтығы. Бұл – денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жинақталған білімнің, дағдылардың, жеке адамның және жалпы қоғамның ақыл-ойының сапасы. Осы компоненттердің барлығы белгілі бір елде неғұрлым жақсы болса, адам капиталының сапасы соғұрлым жоғары және ел экономикасы да сәйкесінше күшті болады.
Қарапайым адам мен мемлекет экономикасының арасындағы байланысты былай түсінуге болады: егер адам өз еліндегі өмір сапасына қанағаттанса, балаларының болашағына сенімді болса, онда ол басқа жақтан Жерұйық іздемей, осы мемлекетте бизнесін ашады, кәсіпорнын дамытады, жұмыс істейтін компаниясының көрсеткіштерін жақсартады.
To read more, you can visit the link.