205 Мәтіндер (36-күн)
1. Күйзеліспен күресудің жолы қандай?
Көптеген психолог мамандардың айтуы бойынша, адамдар стресс жағдайына түскенде олардың ағзалары үйреншікті күйден басқа бір халге ауысды. Қарапайым тілде түсіндірер болсақ, стресс – адам өмірінде кездесетін психологиялық ауыртпалық. Ал ғылыми тілде бұл сырттан келген күштерге адам ағзасының жауап беру реакциясы деп түсіндіріледі. Мұндағы ескеретін жағдай, стресске әр адамның реакциясы әртүрлі. Көп адамның түсінігінде стреске түсу жаман, жағымсыз дүние, күйзеліске түссек, қиналып қаламыз деген біржақты пікір қалыптасқан. Бірақ бұл да адам өмірі үшін керек. Ғалымдардың зерттеуінше, адам кейде аздап болса да стресске түсіп тұруы қажет екен. Адамның әрекеттері мен кез келген нәрсені қабылдауы стресске тәуелді. Аздаған жеңіл стресс адамға қозғау салады және күш береді. Ал күшті стресс адамның еңсесін басып, жанын күйзелтеді.
Ұмытшақтық, қалжырау, ұсақ-түйек дүниелерді есте сақтай алмау, отбасында және жұмыстағы шаруаларды жүйеге түсіре алмай, жүйкесі жұқару – бұл эмоционалды күйзеліске ұшыраудың алғашқы белгілері. Одан кейін ашуланшақтық пен күйгелектік пайда болады, жұмысқа деген ынта жоғалады. Жүйкесі жұқарған жан айналасындағы адамдармен араласуға құлықсыз болады.
To read more, visit the link.
2. “Уайымдама” деген сөзбен адамды сабырға шақыру мүмкін бе?
Кейде біреу мұңын шағып не қайғысын айтып отырса, оған не деп жауап беруді, қалай жұбатуды білмей қаламыз. Аузымызға сөз түспей, “уайымдама” дей беруіміз мүмкін. Себебі тас түскен жеріне ғана ауыр. Оған уайымдама, мұңайма дегенмен қайғысы сейіле қоймайды. Оның орнына мына сөздермен қолдау көрсету керек.
Іспен көмектесу – мың сөздің орнын басады. Егер адам қиын жағдайға тап болса, оны не деп жұбатуды емес, алдымен қалай көмектесуді ойлаңыз. Оның жалғыз емес екенін, өзін қолдайтын, қол ұшын созатын жандар жанында екенін сезінсін. Осылай жағдайы бірден оңалып кетпесе де, біраз жаны жай табады. Біреудің жайын біреу өз басына іс түспесе еш түсіне алмайды. Сіздің де басыңыздан оның мәселесіне ұқсас жағдай өткен болса, сол туралы айтып беріңіз. Сіздің әрекетіңізді қайталау арқылы ситуациядан шыға алмайтын болса да, өзін соры қалың жан сезінуден арылады. Оның қазіргі мәселесінен де қиын жағдайларға тап болғандар туралы айтыңыз, сонда шүкірлішік етеді.
To read more, visit the link.