210 Мәтіндер (37-күн)
1. «ҚАҒАЗСЫЗ» ҚАЗАҚСТАН
«Мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыру не үшін керек?» деген сауалға, біріншіден, бұл азаматтардың да, мемлекеттік органдардың да уақытын үнемдейді. Екіншіден, жемқорлықтың алдын алуды қамтамасыз етеді. Үшіншіден, бюджет қаражатын үнемдеуге септігін тигізеді, – дейді сарапшылар. Бізді қызықтырып отырғаны – мемлекеттік органдар жұмысы, яғни мемлекеттік қызмет көрсетудің цифрлануы. Себебі бүгінгі таңда ел азаматтарын қажытатын мәселенің бірі – қағазбастылық екені ешкімге жасырын емес. Аталған бағдарлама жоспары бойынша 2022 жылға қарай электронды түрде алынатын мемлекеттік қызметтердің үлесін 80%-ға жеткізу көзделген.
Соңғы енгізілген жаңалықтың бірі – телефонның SIM-картасына жазылған электронды цифрлы қолтаңба. Оның көмегімен ұялы телефон иесі, соның ішінде ескі үлгідегі телефон арқылы да мемлекеттік қызметті ала алады. Ол үшін қысқа нөмірге SMS-хабарлама жіберіп, оны SIM-картаға жазылған өз мобильді қолтаңбасы арқылы растайды.
To read more, visit the link.
2. ӨЗГЕРУ НЕМЕСЕ ҚАЛУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ҚАНДАЙ ҚИЫНДЫҚТАР МЕН БАСТАМАЛАР ӘКЕЛЕДІ?
Әлемде инновацияға бет бұрмай, дәстүрлі экономика әдістерімен дамуды жөн санайтын компаниялардың саны азайып келеді. Себебі инновациясыз олардың бәсекелеске қабілеттігі азаяды. Қазақстанда инновациялық экожүйені қалыптастыруға бір ел болып, жұмыла күш салып жатырмыз. Айта кетсек, үкімет тарапынан қолдау тапқан Astana Hub, Almaty Tech Garden, “Астана” Халықаралық қаржы орталығы, AIX қор биржасы, “Алатау” инновациялық технологиялар паркі, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы және тағы басқа бірқатар квазисектордағы мекемелер бір ғана ортақ мақсатты жүзеге асыруға бағытталған.
Форумға қатысушы канадалық инвестор, Гонконгтағы 8Point Capital инвестициялық тобының аға кеңесшісі Уилл Росс (Will Ross): Қазақстан қазіргі технологиялық қабілетіне орай бірнеше бизнес модельмен дами алады. Мысалы, Вьетнам сынды код жазу фабрикасына айнала алады. Вьетнамнан қарапайым халықтың қиынын жеңіл ететін түрлі мобильді қосымшалар шығарылып жатыр. Олардың басым бөлігі ішкі емес, сыртқы нарыққа бағытталған.
To read more, visit the link.