215 Мәтіндер (38-күн)

1. ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ БАҚЫЛАУ КЕРЕК ПЕ? ҚАУІП ҚАЙДАН?

Оксфорд университеті жүр­гізген зерттеуге сенсек, жақында ІТ саласынан базалық білімі жоқ адамдарға жұмыс табу қиын болмақ. Ал McKinsey Global Institute мәліметінше, бүгінгі ма­мандықтардың 5% авто­мат­тан­дыруға дайын. Ал 2030 жылы 57 мамандық жойылып кететін көрінеді. Алысқа бармай-ақ, елі­міздің бірнеше қаласында жолақы төлеудің автоматты жүйесі енгізіл­гелі кондукторлардың қажет бол­май қалуы да осыған дәлел. Зерттеулер жақын арада адамдар түгел жұмыс орнын жоғалтуы мүмкін емес екенін көр­сеткен. Әзірге кез келген жүйені толықтай автоматтандыруға бол­майды. Оның үстіне жасанды интел­лекті бақылайтын жаңа маман­дық­тар пайда болатыны да анық.

Жаһан жұртшылығын дүрлік­тірген жаңалықтың бірі – Facebook жасанды интеллектінің түсініксіз тілде сөйлесе бастауы болатын. Нәтижесінде, желі басшылығы оларды өшіріп тастауға мәжбүр бол­ды. Digital Journal жасанды интеллектің бұл әрекеті «мақтау­сүйерліктің» кесірі деп түсіндірді. Олардың айтуынша, чат-боттың өзара ағылшынша тілдесуіне операторлар ешқандай қолдау көрсетпеген соң, олар өздеріне ыңғайлы тіл ойлап тапқан. Ал Tech Times басылымы роботтардың тіл таңдауына ешқандай шек­теу болмағанын атап өтті. Бұл қауіп жайында Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының директоры Арман Абдрасилов пікірімен бөлісті:

– Адамдардың көп алаңдап жүргені жасанды интеллект өз­дігінен үйреніп, қатты дамып кетіп, бағынбай кетуі. Бірақ мамандардың айтуы бойынша, қазір жасанды интеллекттің дәрежесі тышқан­ның миының деңгейінде. Өйткені тікелей бір тапсырма орындағанда, мысалы, шахмат ойнауды алсақ, жасанды интеллект жақсы ойнауы мүмкін.

To read more, visit the link.

 

2. МЕЙІРІМДІ РОБОТ

Кезекті кейіпкерімізбен алғаш танысқанымызда «Мейірімді робот» деген сөз көкейге келді. «Жасанды роботтың да мейірімдісі болушы ма еді?»- дерсіз. Роботты жүрегі мейірімге толы жан жасаса, қайырымды дүниеге айналады екен. Ғалым Анар Cандығұлова аутистік спектрдің бұзылуы бар балалармен коррекциялық жұмыс істейтін робот жасап шығарған. Мұны іс-тәжірибеде қолданып, лайықты нәтиже көрсетіп те үлгерді. Анар Сандығұлова мектепті бітірген соң «Болашақ» бағдарламасымен Ирлан­дияның зерттеу бағытындағы «University College Dublin» ұлттық университетіне бакалавриатқа оқуға түсті. Қазіргі таңда Назарбаев университетінің «Робототехника және мехатроника кафедрасында ассистент-профессор (оқытушы) болып қызмет етеді. Осы қызметінде бір топ студенттерімен бірге роботтың көмегімен АСБ бар балаларды емдеудің жолдарын зерттеумен айналысады.

– Назарбаев университетінің сту­­денттер командасы ғылыми жетек­ші­лігім­­мен аутистік спектрдің аурулары бар ба­ла­лар­ды емдеуде адам тәрізді (гу­ма­­но­и­д­­­ты) роботтарды пайдалануды зерт­тей­ді. Робот терапияның сессиялары ке­зінде делдал немесе бағыттаушы ре­тін­­де қызмет атқарады. Яғни робот те­ра­пев­терге баланың назарын аударуға кө­­мек­теседі, өйткені балалар роботқа қат­ты құмар. Аталған терапияда бала­лар ата-аналарымен бірге роботпен кү­ніне 15 минуттан 10 рет кездеседі. Сон­дай сәтте робот баланы оқу ойындары­на тартады, ертегілер айтады, балалар ән­де­ріне билейді жә­не ән айтады.  Студенттерімізбен жүр­гізілген зерттеулерге 36 бала мен олар­дың ата-аналары қатысты. Олар робот туралы оң пікір білдірді.

To read more, visit the link.

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book