19 Мәтіндер (4-күн)
1. ЖАНСАЯ ӘБДІМӘЛІК ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК ШАХМАТШЫЛАРЫНЫҢ ҮШТІГІНЕ ЕНДІ
Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Швейцарияның Лозанна қаласында өткен элиталық әйелдер турнирінің жүлдегері атанды, бұл Гран-придің үшінші кезеңі, — деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық спортшы мұндай жарысқа алғаш рет қатысып отырғанымен, әлемнің ең мықты шахматшыларының үштігіне енді. Әбдімәлік 6,5 ұпай жинап, турнирдің жеңімпазынан ғана ұтылып қалды. Сонымен қатар қазақстандықтың турнир қорытындысы бойынша топ-10 ойыншылар қатарында рейтингі төмен болды.
To read more, you can visit the link.
Төмендегі тұжырымдардың “дұрыс”, “бұрыс” немесе “мәтінде берілмегендігін” анықтаңыз.
2. ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ СПОРТ МАМАНЫ
Tалай байрақты бәсекелерде бағы жанып, бүгінде халықаралық деңгейдегі білікті маман атанған отандастарымыз саусақпен санарлық. Сондай жандардың бірі – Мұрат Темірәлиев.
Ол кім? Ол – таэквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, “қара белбеудің” 5-ші дан иегері, аталған спорт түрінен халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Ол – таэквондо спорты бойынша қазақстандықтар арасынан шыққан алғашқы халықаралық дәрежедегі төрешінің бірі. Спорт саласында елеулі табыстарға қол жеткізген соң Мұрат Темірәлиев өз спорт клубын ашып, шәкірт тәрбиелеуге ден қояды. Еңбегі еш кеткен жоқ.
To read more, you can visit the link.
3. КИБЕРСПОРТҚА ҚҰЛШЫНҒАНДАР КӨБЕЙДІ
Компьютер ойындарының зияны жайлы бұрын да жиі айтылып келді, талас көп. Барлық ой қақ жарылып, соңы екіұшты пікірге саяды. Бірі – спорт деп мойындаса, екіншісі зиянын тізбектейді. Халықаралық олимпиада комитеті «киберспортта зорлық пен дискриминация бар» деген уәж айтып отыр. Ойындағы агрессия көпшілікке кері әсер етуі мүмкін екенін жеткізіпті. Кейінгі жылдары медицинада лудомания атты сөз жиі қолданыла бастады. Ойынға тәуелділік дертін дәрігерлер осылай атайды. Дертке шалдыққан адам шынайы өмірден алыстап, физиологиялық тұрғыда әлсірей береді. Сонда компьютер ойындарына түбегейлі тыйым салған жөн бе? Бұл тұста спорт психологтары екі негізден тұратын қарапайым күн тәртібін, график бекітуді ұсынады.
To read more, you can visit the link.
4. СПОРТ МИДЫ ЖАСАРТАДЫ
Американдық зерттеуші Джон Медина «Правила мозга» деп аталатын кітабында спорттың миға қандай пайдасы бар екендігін айтқан екен. Бірақ та қаншалықты пайдалы әрі әсер ету қарқындылығын ешкім дөп басып айта алмайды. Дегенмен, адам көп қимыл-қозғалыс жасаған сайын оның миы да белсенді жұмыс жасай бастайды. Есте сақтау қабілеті де артады. Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей үнемі жаттығулармен айналысып жүретін болсаңыз, мидың дамуына, ойлау қабілетінің артуына, қартайған шақта да түрлі ақпараттарды қабылдауға көмектесетін көрінеді. Физикалық тұрғыда белсенді адамдар ауырып қалған жағдайда да онымен күресіп, тез жазылуға қауқарлы. Сырттан келген вирустар мен бактерияларды тез жоюға олардың ағзасы көмектеседі. Сондықтан да қай уақытта да спортпен шұғылдану кеш емес.
To read more, you can visit the link.
5. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНАН ШЫҚҚАН ДАҢҚТЫ СПОРТШЫЛАР
Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылдың 6 маусымында Жамбыл облысы, Дихан ауылы, Свердловск ауданында дүниеге келген. Жақсылық Үшкемпіров алтын медаль иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980). 1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске жетті. Бірнеше рет Грек-рим күресінен КСРО біріншілігінің жеңімпазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы, 1981 жылы әлем чемпионы, 1982 жылы әлем кубогының күміс жеңімпазы.
Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Тельман атындағы ауылында туған даңқты боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы. Ермахан Ыбрайымов Атлантада және Сиднейде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның ту ұстаушысы болды.
To read more, you can visit the link.
көпшілік қатысқан додада қол жеткізетін жеңіс, ұтып алатын арнайы сыйлық
тұңғыш, алғашқы рет, бірінші рет
спорттық және басқа да конкурстық жарыстардағы алғашқы жүлделі үш орын
жеңген, жеңіске жеткен
белгілі бір әрекеттен, тәжірибеден туындайтын шешім, байлам, тұжырым, тоқтам
талас, тартыс, сайыс, бақталастық
өз ісін жақсы игерген маман
бір елден, бір жерден шыққан, бір отанда өмір сүретін
рет, мәрте, қайтара
спорт ойынында төрелік ететін адам
елерліктей, көзге түсерліктей, көрнекті
оқушы, сабақ үйренуші, тәлім алушы
залал, зардап, зарар, пайдасы жоқ
белгілі бір мәселе жайындағы пікір тартысы, дау, керіс
анық емес, қайшылықты, қарама-қарсы
халық, жұртшылық, қауым
ауру, індет, кесел
шын, ақиқат, нағыз
атағы шыққан, елге даңқы жайылған, әйгілі