7 Мәтіндер (2-күн)
1. БОЛАШАҚТА МАМАНДЫҚТАР ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ?
Мұны Жаңа мамандықтар атласы былай түсіндіреді: “Қабілет, саланың мазмұны және қажетті дағдылар өзгерген кезде мамандықтар өзгермелі деп аталады. Негізінен, олар автоматика мен ақпараттық технологияның әсерінен өзгереді. Бүгінгі таңда мұғалімдер электронды күнделіктер жүргізеді, робототехниканы медицина саласына, яғни хирургияға енгізеді, ал инженерлік мамандық компьютерлік жүйелерді енгізумен қауіпсіз бола бастады. Енді комбайндарды джойстиктердің көмегімен қашықтықтан басқаруға болады, ал қажетті дағдылар: қолдың моторикасы, жетілген реакция және жылдамдық”.
To read more, you can visit the link.
Тұжырымдардың “дұрыс” не “бұрыс” екенін анықтаңыз
2.СТУДЕНТ ЖҰМЫС ІЗДЕЙДІ: БІЛІМ АЛЫП ЖҮРІП, ҚАЛАЙ АҚША ТАБУҒА БОЛАДЫ?
Студент үшін әрқашан қосымша табыс көзін табу өзекті мәселе. Себебі, кез келген стипендияны жалақымен салыстыруға келмейді. Студент сабағын оқи жүріп, университетте де қосымша табыс таба алады. Жоғары оқу орнында тер төгіп, жұмыс пен оқуды қатар алуға жүруге мүмкіндік болса да, көптеген студент жақсы жалақы алғысы келеді. Айталық, программист мамандығы бойынша оқып жүргендердің мүмкіндігі көбірек. Оларға табысы жоғары, әрі мамандық бойынша жұмыс табу жеңіл. Сонымен қатар тәлімгерлер ыңғайлы жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсету саласында даяшы, курьер, сатушы болып еңбек ете алады.
To read more, you can visit the link.
3. ХОББИ КӘСІПКЕ АЙНАЛСА…
Қазіргі уақытта бұрын естімеген жаңа кәсіп түрлері жандануда. Мемлекеттен көрсетіліп келе жатқан қолдаудың оң қыры дейміз бе, кәсіпкерлік саласына қадам басқандардың ішінде қызылордалық жастар да жеткілікті. Бірі қоқысты қайта өңдесе, бірі ұлттық бұйымдар тігеді. Енді бірі экологиялық таза өнім – эпоксидті шайырмен үйдің көркін келтіретін үстел, декорация ретінде іліп қоятын дүниелерді жасап шығаруда. Табиғаттың бір бөлшегінен жасалатын өзіміздің өнімдер – бренд пен трендте. Осындай ерекше кәсіп түрімен айналысып жүрген кейіпкеріміз – жеке кәсіпкер Жұлдыз Өмірғалиева. Эпоксидті шайырмен өнім жасау барысында кез келген адам қарапайым ағаштан, оның діңгегінен, бұтақтан қайталанбас сұлулықты көре алады.
To read more, you can visit the link.
4. ЖҰМБАҚТАР
Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрiгер емес, бiрақ ол.
Дәм мәзiрiн қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол.
Көрiнбейдi өзi,
Естiледi сөзi.
Жолының көп азабы,
Сондадағы тынбайды.
Жаңалықты жазады,
Көпшiлiктi тыңдайды.
Айлар бойы жүзедi,
Жердi көрмей жүредi.
Ақ жал таумен алысқан,
Адамды кiм бiледi?
To read more, you can visit the link.
5. МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?
Бүгінде «ментор» ұғымы кәсіби жандардың арасында танымалдылыққа ие. Ауызекі тілде айтсақ, ментор – стартап жоба жетекшісіне ақысыз көмектесетін, кәсіби мақсатына жетелейтін адам. Кәсіпті алғашқы сәтінен бастап дөңгелету – кез-келгеннің қолынан келмейді. Ол – биік мақсаттың, тынымсыз еңбектің, білімге деген құштарлық пен мол тәжірибенің көмегімен бағынатын қамал. Әлемге танымал LinkedIn желісінің негізін қалаушы Рид Хоффман: «Стартапты бастау – өзіңді құздан лақтырып, сол уақытта сынған ұшақты құрастырумен бірдей» дегені бар. Мәселен, Стив Джобс өмірден озған кезде, Марк Цукерберг оны өзінің менторы болғанын айтты.
Сондықтан ұстазы бардың ұстамы жақсы деген халқымыздың даналығы бүгінде де актуалдылығын жоғалтпаған.
To read more, you can visit the link.
бір арна, бөлік, тармақ
қалыптасқан машық, үйреншікті әдет
қолданысқа кіргізу, қосу, кіріктіру