13 Мәтіндер (3-күн)

1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫ

  Филологиялық білім беру – бұл классикалық гуманитарлық білім беру. Қазақстанда алғаш ашылған оқу орындарында білім беріле бастаған да дәл осы филология мамандығы болатын. Бұл мамандықтың 90 жылдық тарихы бар. Бұл ғылым түріне тіл білімі, филология (тілтаным), әдебиеттану, коммуникация теориясы, лингвистика, аударма ісі, тіл мен әдебиетті оқыту методикасы, стилистика, тіл мәдениеті, тіл тарихы, тіл саясаты тәрізді тілге қатысты барлық бағыттар жатады. Филология мен лингвистика – бүгінгі таңда әлемдік бағытта дамып жатқан ғылымдар. Себебі жаһандану үрдісінде тілдік құбылыстар мен тілдік тенденциялардың орын алуына байланысты бұл ғылымның да дамып, кеңеюі, үлкен ғылыми-идеологиялық күшке айналуы байқалады.

To read more, you can visit the link.

2. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДЫҚТАР СҰРАНЫСҚА ИЕ

Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі танда нарықтық экономиканың өсудегі жоғары қарқынын жалғастыра алатын кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Солардың алдыңғы қатарында ауыл шаруашылығы саласындағы мамандықтар. Бұл саланы дамытуға қазір көптеген кадр даярлау басты назарға алынып отыр.

Агроном мамандығы бойынша жетістікке жету үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек? Өз іс-әрекетінің нәтиежесін алдын ала болжай алу, өздігінен шешім қабылдай білу, күтілмеген жағдаяттарда тез іс-әрекет жасау, есте сақтау қабілеті жоғары болу, болып жатқан нәрселерге мән бере қарау, денсаулығы мықты.

To read more, you can visit the link.

3. «АЙЛЫҒЫМДЫ КӨТЕРУ КЕРЕК» ДЕМЕС БҰРЫН БІЛУІҢІЗ КЕРЕК ДҮНИЕЛЕР

Алдымен экономикалық теория тұрғысынан қарастырайық. Жалақы нарықтағы орташа бағаға қарап белгіленеді. Айлық деген не? Бұл — қызметкердің жұмысына берілетін ақысы. Еңбекақы мөлшері квалификация, атқарылатын жұмысты жүктемесі, шарттары мен сапасына қарай анықталады. Оған қоса өтемақы мен үстемеақылар қосылады. Жалпы алғанда қызметкер өзінің уақыты мен күшін сарқығаны үшін ақы алады. Ол интеллектуал немесе физикалық қабілет болуы мүмкін. Ал енді нарықтағы төменгі не жоғары ақыны алуға қызметкер өзі әсер ете ала ма? Әлбетте, «қымбат» қызметкер болып, ірі жалақы алуына болады. Ол үшін өз ісінің маманы болуы керек. Яғни ол атқаратын жұмысын сапалы істеп, өзінің білікті екенін көрсетуі қажет.

To read more, you can visit the link.

4. ЗЕЙНЕТКЕ ЕРТЕ ШЫҒАТЫН МАМАНДЫҚТАР ТІЗІМІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ  

Зейнетке ерте шығатындар қатарына шахтерлер, металлургтер, рентгенологтар және зиянды еңбек жағдайында қызмет етіп жүрген басқа да мамандар бар. Тиісті еңбек өтілі болған жағдайда шахтерлер 55 жастан зейнетке шығуы мүмкін. Қазір бұл өзгерістер 2024 жылдан бастап күшіне енуі ықтимал. Бұл ретте қаржыландыру көлемі есептеліп жатыр.

To read more, you can visit the link.

5. ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚТАР ЕҢ КӨП СҰРАНЫСҚА ИЕ?

Қазіргі уақытта компаниялар бүтін бір бөлімнің орнына әмбебап маманды көргісі  келеді. Қазіргі уақытта жас түлектер қандай мамандықты жиі таңдайды? Ал еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар қандай және болашақта жұмыс берушілер қандай мамандықтарды қажет етеді?  Мысалы, банк секторында қазір тәуекел-менеджеріне сұраныс көп. Фармацевтикада сату мамандары мен GR-менеджерлер қажет. ІТ-саласында құрастырушылар мен sales-менеджерлер сұранысқа ие.

To read more, you can visit the link.

 

definition

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book