66 Сөздікқор: (11-күн)

Сөздікқор

  • Әдет – бойға біткен немесе қалыптасқан үйреншікті іс-әрекет, қылық
  • Дағдылану – үйрену, бейімделу, әдеттену
  • Күйзеліс – дағдарыс, қатты қиналу, жан азабы
  • Қалыптастыру – әдетке айналдыру
  • Кептеліс – жол бойында көліктердің бір орында тұрып, жиналып қалуы
  • Желі – негіз, өзек
  • Нәр – қорек, қуат, күш
  • Шер – қайғы-қасірет, мұң-зар, уайым
  • Ілгері – алға, алдыңғы жаққа
  • Жұтау – азып-тозу, күйзелу, кедейлену
  • Ауқымды – үлкен, көлемді
  • Арқау – негіз, жүйе
  • Бейжай – жайбарақат, қаперсіз, уайымсыз
  • Дүрбелең -күйзеліс кезең, аласапыран уақыт, ауыр кезең
  • Аңғарту – түсініктеме беру, ескерту
  • Көңілінен шығу – ұнау, жақсы қабылдау
  • Бүкпесіз – ашық айту, жасырмау

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book