72 Сөздікқор: (12-күн)

Сөздікқор

  • Ену – кіру, бір нәрсенің ішіне өту
  • Отау – ұлға енші беріп, бөлек шығарған үй; кіші үй
  • Топтастыру – біріктіру
  • Ұйытқы болу – бір істі ұйымдастыру
  • Қаламгер – шығармашылықпен айналысушы адам, жазушы
  • Тұсаукесер – ресми таныстыру
  • Оқырман – кітап оқитын, кітап оқығанды ұнататын адам
  • Құштар – ынтық, құмар, ынтызар
  • Көзі жету – бір нәрсенің анығын білу, рас екеніне сену
  • Бекер – босқа, текке, әншейін
  • Жол тарту – бағыт алу, жолға шығу
  • Мәлім  – анық, айқын, белгілі
  • Күйзеліс – дағдарыс, қатты қиналу, жан азабы
  • Сусындау – шөлін, сусынын басу
  • Зейін –  зерде, ықылас, ынта, көңіл
  • Кесел – дерт, сырқат, ауру
  • Тұшыну – сезіну, ұғыну, байқау
  • Ой кеселі – ішкі рухани ауру/дерт
  • Ғибратлану – ғибраттану, үлгі -өнеге алу
  • Салғырттық – енжарлық, селқостық, бейқамдық (ештеңеге қызықпау)
  • Көкей – жады, ой, ес, ақыл
  • Тоздыру – көнерту, ескірту, қадірін кетіру

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book