84 Сөздікқор: (14-күн)
Сөздікқор
- Тума – сол өлкенің, мекеннің адамы
- Ынталандыру – ынтасын арттыру, қызықтыру, қызығушылық туғызу
- Кенже – ең кіші, соңғы перзент
- Ниет – пейіл, ықылас, ынта
- Кедергі – бөгет, тосқауыл
- Үздіксіз – тынымсыз, үнемі, ылғи, толассыз
- Кәдеге жарау – пайдаға асу, қажетке жарау
- Зиялы – оқыған, сауатты азамат; интеллигенция
- Біртуар – ерекше жаралған, қайталанбас, айрықша жаратылған
- Пайда – біреулерге тиімді жақсы іс, көмек, жәрдем
- Құрылтай – халықтық мәселелер қаралатын, көп адам қатысатын үлкен жиналыс
- Мақсаткерлік – мақсат қойғыштық, арманшылдық
- Қолдау – жәрдемдесу, көмектесу, қолғабыс тигізу