101 Сөздікқор: (17-күн)
Сөздікқор
- Түрткі болу – себеп болу
 - Жанкештілік – бір істің орындалуы үшін бар күші мен біліктілігін қолдану
 - Қаһармандық – батылдық
 - Бейнебаян – әннің мазмұнын аша түсетін түсірілім
 - Шұғылдану – айналысу
 - Қомақты – ауқымды, үлкен
 - Дандайсу – мақтану, өркөкіректік көрсету
 - Көпбейінді – көп салалы
 - Қам – жағдай
 - Бейтаныс – таныс емес, бөгде
 - Анда-санда – кейде
 - Ауырсыну – ауыр көру, қиынсыну, жайсыз сезіну
 - Қолында – қарауында, қамқорында
 - Екіталай – жүзеге асуы белгісіз, күмәнді
 - Риясыз – шынайы, таза
 - Жүдеу – арықтау, салмақ тастау
 - Сор – қиындық
 - Асар – біреудің үлкен, қауырт жұмысына көпшіліктің беретін көмегі, жәрдемі
 - Кебіс – былғарыдан тігілген жеңіл аяқ киім
 - Ізгілік – қайырымдылық, жақсылық
 - Ізетті – әдеп сақтағыш, тәрбиелі, сыпайы