106 Сөздікқор: (18-күн)
Сөздікқор
- Көзқарас – адамның ойы
- Дәреже – мәртебе, бедел, абырой
- Жөн көру – дұрыс деп есептеу
- Құндылық – белгілі бір нәрсеге деген көзқарас
- Бойкүйездік – енжарлық, еріншектік
- Қиянат – озбырлық, опасыздық
- Науқаншылдық – қоғамдық, өндірістік жұмыстарда жоспарлылық пен жүйеліліктің болмауы
- Келеңсіздік – жөнсіздік, оғаштық
- Таптаурын – стереотип
- Талпыныс – мақсатқа жетем деген іс-әрекет; ілгері ұмтылыс
- Жағымды – ұнамды, сүйкімді
- Киелі – киесі бар, қасиетті
- Сыр шерту – сырын айту, сырын ашу
- Жәдігер – мұра, естелік
- Шыңдау – күшейту, нығайту
- Құрам – бір бүтін нәрсенің барлық бөлшектері, жиынтығы
- Жетекшілік ету – жетекші болу, басшы болу
- Тәуекел – бір іске батыл кірісу, риск
- Сынамадан өткізу – сынау, тексеру
- Тартымдылық – қызықтырушылық