157 Сөздікқор (27-күн)
Сөздікқор
- Етене жақын – тым жақын, бірге өсіп,біте қайнаған
- Қамдау – алдын ала дайындау, әзірлеу
- Өріс – атырап, аймақ
- Зілзала – жер сілкінісі
- Жорамал – ойша қорытынды жасау амалы
- Ырым – жақсы ниетпен жасалатын әр түрлі әдет-ғұрып, көне дәстүр
- Маза – тыныштық, дамыл
- Күншуақ – күннің сәулесі, қызуы
- Күнкөріс – тірлік, материалды жағдай
- Ықпал тигізу – әсер ету
- Алқап – кең өлке, аймақ, өңір
- Қынжылту – ренжіту, кейіту
- Қиғаштау – қисықтау, тура емес
- Жиынтық – бір нәрселердің жиналған қосындысы
- Сипаттама – белгілі бір заттың, құбылыстың ерекшелігі мен қасиетін ашатын анықтама