162 Сөздікқор (28-күн)
Сөздікқор
- Үрдіс – әдет, дәстүр, дағды; іс-әрекет
- Көрме – белгілі бір елдің материалдық, рухани жетістіктерін көрсететін орын
- Шіру – органикалық заттардың шірітуші микроорганизмдер әсерінде бұзылуы
- Ыдырау – декомпозиция; іру, бөлініп-бөлініп кету; бөлшектену
- Қойма – астық, өндіріс өнімдерін сақтауға арналған орын
- Басқосу – адамдардың, мемлекет басшыларының белгілi бір саяси, қоғамдық, тәрбиелік т.б. мақсат-мүдделерді көздеп, ipi проблемаларды шешу үшін ұйымдастыратын, өткізетін жиыны (форум, саммит, бейресми саммит)
- Жұмылу – жаппай бірігу, ұйымдасу, атсалысу
- Бесік – өскен орта, мекен, ата қоныс
- Жетекші – белгілі бір ұйымның басшысы
- Жағымсыз – ұнамсыз, сүйкімсіз
- Қынжылу – қапа болу, қамығу, қайғыру, күйіну
- Тұрғын – белгілі бір үйді, пәтерді, мекенді тұрақ (мекен) ететін адам
- Кешкісін – кеш болғанда, кешкі мезгілде
- Тасымал – нәрсені, затты, жүкті бір жерден екінші жерге жеткізу ісі
- Ажырау – айрылу, айрылып қалу, бөліну
- Кінәлі – айыпты, жазықты
- Қысқару – азаю, сиреу, кішірею
- Хақ – шындық, ақиқат
- Нашарлау – сапасы төменірек, жаманырақ
- Қарекет – әр түрлі жұмыс, тындырылатын шаруа, еңбек, амал-айла