190 Сөздікқор (33-күн)
Сөздікқор
- Баулу – тәрбиелеу, тарту, үйрету, дағдыландыру
- Маңай – жан-жақ, төңірек
- Зергер – алтын мен күмістен әшекей жасайтын ұста
- Тымақ – аң терісінен жасалған суықта киетін бас киім
- Сайман – құрал-жабдық
- Кескіндеме – бояумен салынған көркем шығарма
- Үңілу – мұқият қарау, зер салу, көңіл бөлу
- Тумыс – жаратылыс, болмыс
- Тәмамдау – аяқтау, бітіру
- Ыждағаттық – ынта-жігер, ықылас