196 Сөздікқор (34-күн)
Сөздікқор
- Жұқпалы – тез жұғатын, жұққыш, тарағыш
- Дағды – ұзақ уақыт қайталаудың нәтижесінде машықтанатын іс – қимылдар
- Жұтқыншақ – ауыз қуысы мен өңештің арасындағы тамақ өтетін орын
- Созылмалы – ұзаққа созылған, созылыңқы
- Майлық – қол сүртуге арналған орамал
- Кедей – мал-мүлкі, ішіп-жемі кем, хал-тұрмысы нашар (адам, ел)
- Жетіспеу – жетпеу, аздық ету
- Жаппай – түгелдей, тегіс
- Әзірлеу – дайындау, даярлау
- Егжей-тегжейлі – жан-жақты, толық
- Кінәрат – кемшілік, мін, ақау
- Төтенше жағдай – табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты президент немесе парламент жариялайтын уақытша режим
- Сүбелі – маңызды, мәнді
- Беті қайту – басылды, бәсеңдеді