201 Сөздікқор (35-күн)
Сөздікқор
- Мақала – белгілі бір газетте, журналда жарияланатын ғылыми, публицистикалық, көлемі шағын шығарма
- Дүрбелең – әуреге түсушілік, тынышын кетірушілік, мазасыздық
- Дағдарыс – белгілі бір елдің немесе жеке кәсіпорынның экономикалық, қаржылық дамуындағы тоқыраушылық, тұрақсыздық; қоғамдағы өзгерістер алдындағы өтпелі кезең
- Ұғу – түсіну, түйсіну
- Селкеу – оғаш, өрескел, ерсі
- Ерекшелік – өзгешелік, айрықшалық, өзіндік қасиет
- Жансыздандыру – арнайы препараттармен жүйкені өлтіру, жанын кетіру
- Бөлшек – тұтас (бүтін) нәрсенің жеке бір бөлігі
- Мұздатқыш – азық-түлік не басқа бұйымдарын белгілі температурада сақтап тұратын салқындатқыш құрылғы
- Қоздырғыш – бір нәрсені қоздырып жіберетін өршіткіш, үдеткіш