22 Сөздікқор: (4-күн)
Сөздік
- Алғаш – тұңғыш, алғашқы рет, бірінші рет
- Үштік – спорттық және басқа да конкурстық жарыстардағы алғашқы жүлделі үш орын
- Жеңімпаз – жеңген, жеңіске жеткен
- Қорытынды –белгілі бір әрекеттен, тәжірибеден туындайтын шешім, байлам, тұжырым, тоқтам
- Тең – бірдей, пара-пар, қатар
- Талай – әлденеше, бірнеше; көп, көптеген
- Бәсеке – талас, тартыс, сайыс, бақталастық
- Білікті – әр нәрседен жан-жақты түсінігі бар, білімді
- Отандас – бір елден, бір жерден шыққан, бір отанда өмір сүретін
- Дүркін – рет, мәрте, қайтара
- Елеулі – елерліктей, көзге түсерліктей, көрнекті
- Шәкірт – оқушы, сабақ үйренуші, тәлім алушы
- Зиян – залал, зардап, зарар, пайдасы жоқ
- Талас – белгілі бір мәселе жайындағы пікір тартысы, дау, керіс
- Екіұшты – анық емес, қайшылықты, қарама-қарсы
- Дәме – үміт, тілек, ниет
- Көпшілік – халық, жұртшылық, қауым
- Сарапшы – арнаулы ғылыми бiлiмi бар, сараптамалық қорытынды беруге құқығы бар заңды немесе жеке тұлға
- Дерт – ауру, індет, кесел
- Шынайы – шын, ақиқат, нағыз
- Табыс – жетістік; кіріс, пайда
- Әуестік – қызығушылық, құмарлық, әуесқойлық
- Батылдық – ержүректік, өжеттік
- Түкпір – көзден таса аулақтау жер, қиыр шет, алыс жер
- Мәре – жарыста озып келетін жер; белгілі бір меже; жетер жер
- Сай – сәйкес, лайық
- Ажырамас – айырылмас, бөлінбейтін
- Жүйрік – ұшқыр, тез жүгіретін, шапшаң
- Жүлде – көпшілік қатысқан додада қол жеткізетін жеңіс, ұтып алатын арнайы сыйлық
- Шатыр – матадан т.б. жасалған төрт бұрышын керіп қоятын баспана
- Төреші – спорт ойынында төрелік ететін адам
- Мүше – белгілі бір ұйымның, ұжымның, отбасының құрамына енетін адам
- Даңқты – атағы шыққан, елге даңқы жайылған, әйгілі