28 Сөздікқор: (5-күн)

Сөздікқор

  • Ересек – есейген, ер жеткен, естияр, жас жағынан үлкенірек
  • Аталмыш – жоғарыда аталған, сөз болған
  • Танылу – танымал болу, белгілі болу
  • Сәтті – ойдағыдай, орайлы, ұтымды, қолайлы
  • Намыс  –  ар, ұят, ұждан
  • Абырой  –  бедел, қадір, жақсы атақ
  • Енші  – меншік, иелік
  • Мерей  –  атақ, абырой, бедел, мәртебе
  • Жанкүйер – спорттың белгілі бір түріне, спорттық команда ойындарына қызығушы, қолдаушы, жанкүйер болушы
  • Құрмет – елге, жерге еңбегі сіңген құрметті, сыйлы адамға көрсетілген қошемет, сый-сияпат
  • Байрақ  –  ту, жалау, белгі
  • Құлшыныс  –  ұмтылыс, талпыныс, талап
  • Құрам  – белгілі бір топты құрайтын адамдар (жиынтығы)
  • Қарсылас  –  бір-біріне қарсы адам, қарсы жақ
  • Үміт – бір істің жүзеге асуына деген сенім, дәме, тілек
  • Арман –  қиялдың ерекше бір түрі, мақсат, тілек
  • Бедел – қадір-қасиет, атақ-абырой
  • Ықпал –  бір адамның екінші адамға, бір нәрсенің екінші нәрсеге еткен әсері
  • Құндылық – танымның, белгілі бір объектінің адам үшін, топ үшін, қоғам үшін қасиетті деп танылуы; қоғам жақсы, дұрыс және қалаулы деп санайтын абстрактілі идеялар
  • Таңдаулы –  таңдалған,  бірінен-бірi өткен, маңдай алды
  • Мерген – көздегенін атып түсіретін аңшы, нысанаға дәл тигізетін атқыш адам
  • Күмән – сенбеуден туған ой, шүбә, күдік
  • Тоғызқұмалақ –  қазақ халқының ертеден келе жатқан құмалақ салатын он сегіз отауы, екі қазаны бар есепке баулитын ұлттық ойыны
  • Зерттеуші – ғылыми зерттеу жұмысымен айналысушы, зерттеу жұмысын жүргізуші
  • Әңгіме – белгілі бір оқиғаны ауызша баяндау, жеткізу түрі; өзара сөйлесу
  • Қызығушылық  – объектті немесе құбылысты тануға ұмтылу, құмартушылық, ынтығушылық, қызыққандық
  • Тәжірибелі – дағдылы, тәжірибесі бар
  • Көшірме  – түпнұсқа жазудың көшіріліп алынған данасы
  • Күрделі – ауыр, қиын
  • Қажырлылық – жігерлілік, қайраттылық, күш-қуаты молдық
  • Тәуекелшілдік – тәуекел еткіштік, батылдық

 

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book