54 Сөздікқор: (9-күн)
Сөздікқор
- Құбылыс – айналада, қоршаған ортада болатын өзгеріс, оқиға, жағдай
- Дәлме-дәл – нақты, дұрыс, тұп-тура
- Басымдық – басым болу, артық, көп болу
- Әдістеме – әдістер, тәсілдер жиынтығы
- Маман – белгілі бір мамандық өкілі, өз ісінің шебері
- Кірісу – бір істі орындауды бастау
- Көз қырын салу – бас-көз болу, қарап, қадағалап жүру
- Орынды – орны бар, дұрыс, жөнді
- Атсалысу – жәрдемдесу, көмектесу
- Түкпір-түкпір – жан-жақ
- Ден қою – көңіл бөлу, назар аудару
- Іспетті – сияқты, тәрізді
- Қиынға соғу – қиын болу