60 Сөздікқор: (10-күн)
Сөздікқор
- Жамылғы – жапқыш, сыртқы қабық
- Жуықтатылу – жақындатылу
- Көзге жағымды – көзге әдемі көрінетін
- Жетілдіру – дамыту, ілгерілету
- Тәуелді – біреуге, бір нәрсеге бағынышты, байланысты
- Ағым – ағыс, таpам, қозғалыс
- Талап – біреуден бір нәрсені талап етушілік; қалау, тілек
- Сана – адам психикасының ең жоғарғы сатысы
- Өзекті – ең басты, негізгі, маңызды
- Озық – алдыңғы қатарлы, артық, үздік, озат
- Қорған – арқа тұтар тірек, таяныш, пана
- Тұлға – қоғамда өз орнын білетін адам немесе жеке тұлға, қоғамға пайдасын тигізетін адам
- Тексіз – тегі белгісіз, тәлім-тәрбиесі нашар
- Қадағалау – белгілі бір істің орындалу барысын бақылау, тексеру
- Сұхбат – сөйлесу, сырласу, әңгіме-кеңес құру; ғылым, мәдениет, әдебиет т.б. қайраткерлерімен кездесіп өткізілетін әңгіме, пікір алысу
- Сауалнама – алдын ала құрастырылған сұрақтар жүйесіне жауап алуға арналған сұрақ қағазы; анкета
- Тамаша – таңқаларлық, керемет
- Жүйелеу – жүйеге түсіру, реттеу
- Ауқым – көлем
- Әлеует – күш, қуат
- Өркен жаю – өсу, даму